Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жылына 15 млн: ІІМ мемлекеттік мекемесінің директоры қамауға алынды (видео)

Опубликовано:

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі Шығыс Қазақстан облысы ІІМ-нің қылмыстық атқару жүйесі комитеті мемлекеттік мекемесінің директорын 2018 жылы 15 миллион, биыл 3,5 млн жымқырды деп айыптап отыр. Аталмыш факті бойынша, тергеу амалдарын жүргізуде деп хабарлайды NUR.KZ.

Видеодан скришот
Коллаж:Видеодан скришот: Facebook

«Еңбек-Өскемен» мекемесінің жетекші директоры қамауға алынды. Ол сотталғандарды жұмыспен қамту мемлекеттік мекемесін басқарған.

«Ол сенімді адамдар арқылы ЖШС директорынан 3,5 млн көлемінде пара алды деп айыпталуда. Бұл ақшаның есесіне ол Өскемендегі "Достық" саябағында қайта жөндеу жұмыстарын жүргізуге мемлекеттік сатып алу келісімшартына қол қоюға және келісімшартта көрсетілген қалған ақша соманы қайтаруға міндеттелген», - деп хабарлады МҚІСЖҚІҚА өкілдері.

Өткен 2018 жылы басшы 15 миллион көлемінде заңсыз ақша алған.

Ақшаны ол мекемеде жұмыс істемейтін адамдардың жеке кәсіпкерлерлік шоттарына жалақы ретінде аударып отырған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1774526-zylyna-15-mln-iim-memlekettik-mekemesini-direktory-kamauga-alyndy-video/

pixel