Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қаржы жымқырған: Скриптонит дүниеге келген ауыл әкімі шатылып жатыр

Опубликовано:

Cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі "мемлекеттің ақшасын жымқырды" деп екі қазақстандық әкімнен күдіктенуде. Олар Жамбыл мен Павлодар облыстарында орналасқан елдімекендердің әкімдері болып шыққан. Бұл туралы NUR.KZ хабарлайды.

Көрнекі фото: 24.kz
Көрнекі фото: 24.kz: Facebook

Cыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің тергеушілері Павлодар облысы Ленин елдімекенінің әкімін тергеуде.

Ол 6,6 миллон теңге жымқырғаны үшін күдікке ілінген.

Әкім кәсіпкердің шотына миллион теңге аударған деген болжам жасалды. Бұл қаражат мемлекеттік бағдарлама бойынша жол жөндеу жұмыстарына жұмсалу қажет болған.

Еске сала кетсек, осы Ленинский ауылында танымал рэп орындаушысы Скриптонит өмірге келген. Ол Павлодар облысының басшылығын нашар жол үшін қатты сынға алған болатын.

Жамбыл облысы Қонаев ауылының әкімі және әкімдіктің тағы бір қызметкері 200 мың теңге пара алғаны үшін күдіктелуде.

Ол кәсіпкерден "қамқорлық көрсету" үшін ақша алған. Сондай-ақ, соттың шешімімен тоқтаған ауылдағы ТҚҚ полигонын заңды түрде қолданбаған деп айыпталуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1774528-karzy-zymkyrgan-skriptonit-dniege-kelgen-auyl-kimi-satylyp-zatyr/

pixel