RU
Алматы облысында ұстазды елдің көзінше ұрған әйел жеңіл жазамен құтылды
Жаңалықтар Қоғам

Алматы облысында ұстазды елдің көзінше ұрған әйел жеңіл жазамен құтылды

Рассказать Вконтакте

Бүгін Алматы облысы Іле аудандық сотында осыдан бір жыл бұрын мұғалімді жарақаттаған Надежда Митрошенкоға қатысты үкім шықты деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Көрнекі фото: news.tj

Көрнекі фото: news.tj

"Сот үкім етті. Митрошенко Надежда Павлованы ҚР ҚК 107 бабының 1 бөлімі бойынша қылмыс жасағаны үшін айыпты деп тауып, оны 250 сағат қоғамдық жұмыстарға тарту жазасы тағайындалсын.
Қоғамдық жұмыс жасату күніне 4 сағаттан аспайды. Қоғамдық жұмыстардан ауытқулар болған жағдайда айыптыны бостандығын шектеуге немесе бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылады", - деді істі қараған Іле аудандық сотының судьясы Еркін Сейітов.

Судья материалдық шығындарды талап ету азаматтық сотта қаралатынын айтты.

Негізінде Қылмыстық кодекстің 107 бабы, 1 тармағы бойынша денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтiрген жанға берілетін жаза ретінде 5 түрлі нұсқа қарастырылған:

  • Бір мың АЕК-ке дейін айыппұл салу, түзету жұмысына тарту, алты жүз сағаттан аспайтын жұмысқа тарту, бостандығынан екі жылға шектеу немесе айыру.

Ал миы шайқалып, есту қабілеті кеміген ұстаз өзін көптің көзінше қорлаған әйелдің айыппұл да төлемей, тек 250 сағаттық жұмысқа тарту жазасымен құтылғанына келіспейтінін айтты.

"Бір жыл бойы істі қайта тоқтау амалдарының кезінде-ақ түсінікті болды. Бірақ біз сонда да қоймай прокурор болсын, РУВД-ның есіктерін қағып, осы күнге дейін жүрген болатынбыз. Жалпы осы мұғалімдерді, ұстаз деген ұлы есімді, болашақта ата-аналар тарапынан қорлау болмасын деген мақсатта жасаған едік. Әрине бүгін өздеріңіз куә болдыңыздар, өте әділетсіз шешім", - деді сот үкімімен келіспеген мұғалім Гүлзира Байділдаева.

Ал осы уақытқа дейін тілшілерден тілдесуге құлықсыз болған Митрошенко өзіне шыққан үкімге разы екенін, жергілікті билік қажет деп тапқан қоғамдық жұмысты істеуге дайын екенін айтып, барлық ұстаздар қауымынан кешірім сұрады.

"Әділетті үкім. Келісем. Барлық Қазақстан мұғалімдерінен кешірім сұраймын. Болған оқиғаға өкінем. Ана ретінде балама араша түсем деп өзімді ұстай алмай қалдым. Соңы осылай болды. Ұстаздардан кешірім сұраймын", - деді оқиға орнынан асығыс кетіп қалған Надежда.

Алдыңғы сот отырыстарында Митрошенко шағымданушы тарапты медиацияға шақырып, келтірген залал ретінде 150 мың теңге төлеп беруге дайын екенін айтқан.

Бірақ бұл ұсынысты қорлау деп ұққан ұстаздың өкілдері ақыры істің ақ-қарасын судьяға қалдырған болатын.

Өйткені К.Әзірбаев атындағы №15 мектептің ұстазы Митрошенкодан 3 миллион теңге моральдық, 1,6 миллион теңге материалдық шығын өндіруді талап еткен еді.

Алайда судья тек моральдық өтемақы ретінде жүз мың теңге төлеуді міндеттеді.

Сот үкімімен келіспеген мұғалім Байділдаева аппелациялық шағым түсіретінін жеткізді.

Сіздің реакцияңыз
19
0
1
2
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel