RU
Желіде аяусыз соққыға жығылған оқушылардың видеосы тарады

Желіде аяусыз соққыға жығылған оқушылардың видеосы тарады

Рассказать Вконтакте

Ішкі істер министрлігі аяусыз соққыға жығылған жеткіншектер бейнеленген видеоға қатысты пікір білдірді. Бұл туралы ведомствоның ресми өкілі Алмас Садубаевқа сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Кадр facebook.com/Newtimes.kz видеодан

Кадр facebook.com/Newtimes.kz видеодан

2019 жылдың 21-ші қаңтарында әлеуметтік желіде төменгі сыныптың оқушыларын физикалық және моральдық тұрғыдан қорлаған бір топ жасөспірімдердің (болжам бойынша жоғары сыныптың оқушылары) видеосы тарады.

ІІМ мәліметінше, бейнежазбадағы оқиға 18-ші қаңтар күні Түркістанда болған. Сондай-ақ, балаларға әлімжеттік көрсеткендер де анықталған.

"Бұзақылық әрекетке қатысушыларының барлығы анықталды. Қазіргі уақытта ҚР ҚК 293-бабы 2- тармағында қарастырылған қылмыс белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде", - деді министрліктен.

Ведомство зардап шеккен оқушыларды ескере отырып, Ішкі істер министрлігі болған оқиғаның мән-жайын жіті тексеретінін және профилактиалық шаралау жүргізу үшін өңірдің жергілікті атқарушы органдарына бастамашылық жасайтынын хабардар етті.

Сіздің реакцияңыз
19
7
5
7
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel