RU
Алматыда тұрғындар алапат өрттің кесірінен қыс ортасында далада қалды (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Алматыда тұрғындар алапат өрттің кесірінен қыс ортасында далада қалды (фото)

Рассказать Вконтакте

Алматының Бірінші темір жол вокзалы маңында барак үлгісіндегі үй өртеніп, тұрғындар қыс ортасында далада қалды деп хабарлайды КТК арнасы.

Кадр КТК арнасы

Кадр КТК арнасы

Тұрғындардың айтуынша, оқиға түнде болған. Қызыл жалын жұрт қалың ұйқыда жатқанда шығыпты.

"Атып далаға шықтым. Дүние мүліктің бәрі жанып кетті. Осы үстімдегі киіммен тұрмын. Басқа киімім жоқ", - дейді Алматы қаласының тұрғыны Гүлжанат Шотбаева.

Болжам бойынша өрт үйшіктен шыққан болуы мүмкін. Өйткені жаңа туған күшіктер тоңып қалмасын деп, үй иесі электр пешін қойған екен. Сөйтіп от тұтанып, жоғарыға лап қойған. Шатырды шарпыған қызыл жалын кейін күш алып, жапсарлас орналасқан 14 пәтерге бір-ақ жайылған.

Кадр КТК арнасы

Кадр КТК арнасы

Бес пәтер толығымен өртенген. Жиһаз, киім-кешек тұрмақ, адамдар құжаттарын да алып үлгермеген. Ал отқа оранған баспаналардың төбесі опырылып, қабырғасы құлағалы тұр.

Негізі онда отызға жуық адам тұрған. Көбі зейнеткерлер мен кішкентай ұл-қыздар. Кейбірі көрші-туысты жағаласа, енді бірінің барар жері жоқ. Арбаға таңылған мүгедек бала да әбден тоңып қалған.

"Көмек ештеңе жоқ. Сол жүрміз далада. Үй сасық", - дейді Алматы қаласының тұрғыны Маржан Танысбай.
Кадр КТК арнасы

Кадр КТК арнасы

Сондықтан қыс ортасында үйінен айырылып, тентіреп қалған жұрт әкімдіктен көмек сұрап отыр. Бірақ ондағылар тұрғындарға мектептің спорт залын ғана уақытша паналауға бере алатынын айтыпты.

"Өрттің шығу себептері анықталмайынша, ешқандай шара қолдана алмаймыз. Негізі  кімнің үйінен өрт шықты, шығынды сол өтеуі тиіс. Бірақ біз тұрғындарға ақшалай көмек беру жағын қарастырып жатырмыз. Дегенмен, бұл әзірге нақты емес", - дейді Түрксіб ауданы әкімдігінің бөлім басшысы Константин Воропаев.
Кадр КТК арнасы

Кадр КТК арнасы

Дегенмен тұрғындар ақшалай көмек боларына күмәнмен қарап отыр. Ал өрттің шығуына кінәлі болуы мүмкін деген азаматтың өзі ұшты-күйлі жоқ. Оның үстіне одан өндірер ештеңе жоқ дейді көршілері.

Дереккөз КТК арнасы

Сіздің реакцияңыз
0
0
1
3
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel