RU
Балқашта қыз зорлаған бұрынғы полицей мен үш сыбайласы сотталды
Жаңалықтар Қоғам

Балқашта қыз зорлаған бұрынғы полицей мен үш сыбайласы сотталды

Рассказать Вконтакте

Балқашта өткен жылдың мамырында қыз зорлаған бұрынғы полицей мен оның үш сыбайласына қатысты сот үкімі шығарылды деп жазады Іnstagram желісіндегі patriotkaragandy паблигіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

depositphotos.com

Көрнекі фото:depositphotos.com

Бойжеткен түнгі клубтан шығып, үйіне қайтып бара жатқанда үш ер адам оны күштеп көлікке отырғызып, қала шетіне апарып зорлаған.

Зорлық әрекеттерін аяқтағаннан кейін ер адамдар қызды қылмыс орнында қалдырып, өздері іздерін суытыпты.

Тергеу барысында құқық қорғаушылар зорлаушының біреуі полиция қызметкері екенін анықтаған.

Сот төрт айыпталушыны да кінәлі деп тауып, үшеуі бес жарым жылға бас бостандығынан айырылды. Олар жазаларын қылмыстық-атқарушы жүйенің қауіпсіздігі орташа мекемесінде өтейді.

Төртінші айыпталушы бес жыл үш айға бас бостандығынан айырылды.

Сондай-ақ, олар бір жарым миллионнан астам өтемақы төлеуге міндеттелді.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
2
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel