RU
Ауа райы: Еліміздің басым бөлігінде тұман түсіп, көктайғақ болады
Жаңалықтар Қоғам

Ауа райы: Еліміздің басым бөлігінде тұман түсіп, көктайғақ болады

Рассказать Вконтакте

Бүгін, 23 қаңтарда Қазақстанның бірқатар аймағында ауа райы құбылмалы болады. Атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты бірнеше өңірде қар жауады деп хабарлайды Қазгидромет.

Ауа райы: Еліміздің басым бөлігінде тұман түсіп, көктайғақ болады

Көрнекі фото: playcast.ru

Синоптиктердің болжамынша, еліміздің кей бөліктерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын мен желдің күшеюі сақталады.  

Қостанай облысында бұрқасын, көктайғақ болуы ықтимал, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын болады, жел 15-20 м/с күшейеді.

Ақтөбе облысында бұрқасын, көктайғақ күтіледі, желдің жылдамдығы 15-20 м/с. Ақмола облысында тұман, бұрқасын болып, жел 15-20 м/с күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел соғып, жылдамдығы 15-20 м/с жетеді,  түнде тұман болады. Жамбыл облысында тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі.

Маңғыстау, Атырау облыстарында да тұман, көктайғақ болады. Алматы, Түркістан, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel