RU
Қостанай облысында полиция қызметкері парадан бас тартты (видео)
Жаңалықтар Қоғам

Қостанай облысында полиция қызметкері парадан бас тартты (видео)

Рассказать Вконтакте

Қостанай облысы полиция департаментінің өзіндік қауіпсіздік басқармасы қызметкерлері жедел-профилактика шарасы кезінде полицейге пара бермек болған 28 жастағы азаматты құрықтады. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

factum.kz

Көрнекі фото:factum.kz

Өзіндік қауіпсіздік қызметінің басшысы Алтынбек Шүйіншалиевтің сөзінше, полиция қызметкері Volkswagen көлігін тоқтатқан.

Көліктің нөмірі болмаған, ал темір тұлпарды тізгіндеген ер адам жүргізуші куәлігінен айырылған болып шығыпты.

Жауапкершіліктен жалтару мақсатында заң бұзушы тәртіп сақшысына 10 мың теңге пара ұсынған.

Полицей ақшадан бас тартып, өзіндік қауіпсіздік басқармасына хабарласыпты. Ведомство қызметкерлері оқиға орнына келіп, ер адамды тұтқындаған.

10 мың теңгеден бас тартқан офицер "басқаша істей алмадым" деп отыр. Қазіргі таңда қылмыстық кодекстің 367 бабы бойынша тергеу жүргізілуде.

Сіздің реакцияңыз
0
0
1
1
0
2
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel