RU
Шалқарлық бала екі қолынан айырылған оқиғаға қатысты сот үкімі шықты
Жаңалықтар Қоғам

Шалқарлық бала екі қолынан айырылған оқиғаға қатысты сот үкімі шықты

Рассказать Вконтакте

Шалқар аудандық соты 10 000 вольттық токқа түсіп, екі қолы күлге айналған бүлдіршін оқиғасына қатысты іске үкім шығарды. Осыған дейін жәбірленуші тарап кінәлі деп келген мектеп ұжымы сотпен кінәсіз деп танылған деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Шалқарлық бала екі қолынан айырылды: Оқиғаға күдікті болғандар ақталып шықты

Дамир Фаткулин анасымен. Фото отбасылық мұрағат

"Мектеп директорының шаруашылық ісі жөніндегі орынбасары Айсауле Шоханова мен электрик Асқар Исатаев ҚР ҚК-нің 306 бабы, 1-бөлігімен кінәсіз деп танылып, олардың әрекетінде қылмыстық теріс қылық құрамының болмауына байланысты ақталсын", - деп аудандық сот үкім етті.

Сот хаттамасында қазан айындағы жағдайдың қалай болғаны баяндалған.

"Мектептің ауласында ойнап жүрген 9 жасар Дамир Фаткулин 5 қазан күні подстанса ғимаратының қасына барып, оның сыртын айналдыра қоршалған темір тор қоршаудан секіріп түскен. 

Ойын баласы трансформатордың екінші қабатындағы кернеуі 10 000 Вт болатын электр желісі өтіп жатқан темір баспалдақпен көтерілген.

Құлыптаулы тұрған есік табалдырығының астындағы саңылаудан ішіне кіріп, сондағы тоққа түскен", - делінген хаттамада.

Екі қолынан айрылған бүлдіршін үшінші тоқсаннан бастап сабаққа бара бастаған.

"Балам қатарынан қалмасын деп екі-үш күннен бері сабаққа жіберіп жүрмін. Ең болмаса ауызша тыңдасын, қатарынан қалмасын деп мектепке апарып жүрміз", - дейді бүлдіршіннің анасы.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Ақтөбе облысы Шалқар ауданында тұратын оқушының мектеп ауласында тұрған трансформатордағы тоққа түсіп, екі қолынан айырылғаны туралы жазған болатынбыз.

Сіздің реакцияңыз
1
0
1
10
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel