RU
Ромео & Джульетта: Алматылық қуыршақ театры ересектерге спектакль қоймақшы
Жаңалықтар Пресс-релизы

Ромео & Джульетта: Алматылық қуыршақ театры ересектерге спектакль қоймақшы

Рассказать Вконтакте

Ағылшынның ұлы драматургі, ақын Уильям Шекспирдің әйгілі «Ромео мен Джульетта» оқиғасын суреттейтін трагедия алғаш рет қуыршақтар бейнесінде Алматы қаласының Мемлекеттік қуыршақ театрында 24-25 қаңтар күндері аралығында көрерменге жол тартпақшы.

Ромео & Джульетта: Алматылық қуыршақ театры ересектерге спетакль қоймақшы

Ромео & Джульетта. Фото: Қуыршақ театры

Қойылым режиссері – Дина Жұмабаева, суретшісі – Юля Чернова, балетмейстері – Анна Цой, қуыршақтарды жасаушы шебер – Николай Проскурин.

Спектакль +18 жас ерекшелігін құрайды.

Аталмыш қойылымдағы басты кейіпкерлер Ромео мен Джульеттаны сахналау үшін жас өнерпаздар, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Драма актері» мамандығының 3 курс студенттері Амангелдіұлы Ғалым мен Төребай Салтанат 50-ге жуық жас таланттар бақ сынаған кастингтен арнайы өтіп, театрдың көркемдік кеңесі мүшелері әрі режиссер шешімімен басты рольдерге бекітілді.

Шырғалаңға толы бұл қойылым адам бойындағы қанды кек пен қызғанышты, менменшілдік пен пендешілік сынды қасиеттерді жеңген мөлдір махаббат туралы болмақ.

Ромео & Джульетта: Алматылық қуыршақ театры ересектерге спетакль қоймақшы

Ромео & Джульетта. Фото: Қуыршақ театры

Ромео мен Джульетта тек қана ескі көзқарастар мен қатынастарға қарсы шығып қана қоймай, олар жаңа өмірге үлгі болды. Олардың арасын қастық бөле алмады, оларды махаббат қосты.

Бұл махаббат сұлулыққа сүйсінуден туындады, адамның ұлылығына деген сенімнен және онымен өмірде қуанышты бөлісуге тырмысуынан туындаған.

Бүгінде кішкентай бүлдіршіндерден тыс ересектерге арналған кешкі қойылымдарды да сахналап, жаңа форматқа көшкен өнер ордасы әлемнің классикалық туындыларын қуыршақтар бейнесінде сөйлетіп, ұлттық қуыршақ театры өнеріне жаңа тыныс сыйлауда.

Ромео & Джульетта: Алматылық қуыршақ театры ересектерге спетакль қоймақшы

Ромео & Джульетта. Фото: Қуыршақ театры

Бұған дейін сахна төрінде көрерменмен қауышып, республикалық, халықаралық фестивальдерде сыншылар тарапынан жоғары бағаға ие болып, қанжығасын жүлделі орындармен майлап жүрген «Ана жүрегі» (авт. Е.Ионов, реж. А.Зайцев), «Ана-Жер Ана» (авт. Ш.Айтматов, реж. Д.Жұмабаева), «Медея» (авт. Еврипид, реж. А.Салбан) сынды ересектерге арналған қойылымдар қатары енді «Ромео мен Джульетта» шығармасымен толыспақ.

Спектакльде бір артист бірнеше рольді сахналап, көрерменге өзгеше қырларынан танылуға асық.

Мәселен: актриса Сақтағанова Арай – леди Капулетти, леди Монтеки, Розалина; актер Құлназаров Шохан – Лоренцо пірәдар, Тибальт, синьор Капулетти, синьор Монтекки; актриса Байырбекова Арайлым – күтуші және актер Камалов Мақсат – Меркуцио, Эскал, Парис, Балтазар, Бенволиоға жан беріп, таңғажайып қуыршақ бейнесінде үн бітірмек.

Ромео & Джульетта: Алматылық қуыршақ театры ересектерге спетакль қоймақшы

Ромео & Джульетта. Фото: Қуыршақ театры

Мемлекеттік қуыршақ театрының ұжымы Алматы қаласынының тұрғындары мен қала қонақтарын ғажайыпқа толы қуыршақтар әлеміне бірге саяхат жасап, өнер сүйер жандардың жанына рухани азық сыйлап, көңіл пердесін әсем күйге бөлеу үшін аталмыш премьераны бірге тамашалуға шақырады!

Сіздің реакцияңыз
0
0
1
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel