RU
Талдырмаш мүсінді пилот қыз ерлер қауымын естен тандыруда
Жаңалықтар Саясат және экономика

Талдырмаш мүсінді пилот қыз ерлер қауымын естен тандыруда

Рассказать Вконтакте

Көк аспанда үлкен ұшақты басқару - нәзік жандылардың да қолынан келетін дүние. Оған 21 жастағы парагвайлық сылқым Ана Паула Сеспедес үлгі болмақ. Бойжеткен осымен төрт жылға жуық уақыт пилот қызметін атқарып келеді. Өз елінің ең сұлу аруы атанған Анаға көпшілік модельдік бизнеске қарай ауысуға кеңес бергенімен, ол өз арманынан бас тартпайтынын айтқан деп жазады bigpicture.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Бойжеткеннің пилот қызметіне қызығуына әкесі себепкер болған.

Ана өз алдына қойған мақсатын барынша тез іске асырмақ болып, 18 жасында-ақ бір моторлы Cessna 152 ұшағын басқарыпты.

Аспан мен техникаға деген махаббаты сылқымның тағы бір арманын жүзеге асыруға кедергі болмады.

2018 жылы ол "Miss Supranational Paraguay" байқауында топ жарып, бас жүлдені иеленген. Бұл жетістік 21 жастағы Ананың алдында үлкен мүмкіндіктерді ашады.

Оны талдырмаш мүсіні мен ерекше дене сымбатының арқасында түрлі сән апталықтары мен атағы жер жаратын басылымдар түсірілімге шақыра бастаған.

Суға шомылу киімі мен түрлі әсем көйлектердің фотосессиялары үлкен табыс әкелгенімен, Ана өзінің басты жұмысын тастауға мүлде ниетті емес.

Сән индустриясына қатысты дүниелер ару үшін тек екінші орында екен. Ол ұшақ пен көк аспанға деген махаббатына берік екенін алға тартты.

Ерекше сұлу бойжеткен бүгінде Instagram кеңістігінде аса танымалдылыққа ие. Оның парақшасына тіркелушілер саны 50 мың адамнан асады.

Олардың басым көпшілігі ерлер қауымы. Жігіттер талдырмаш мүсінді пилот қыздың суреттеріне лүпілдерін аямай, өз пікірлерін де қарша жаудыруда.

Ана басқа "сұлулық ханшайымдары" іспетті жұлдыз ауыруына шалдықпаған. Ол өзіне пікір қалдырған оқырмандарымен барынша тілдесуге тырысатынын айтты.

Алайда пилоттық қызметіне орай оның қолы бос болатын кездер өте аз көрінеді.

Сіздің реакцияңыз
0
0
3
1
1
18
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel