RU
Америкалық атақты әнші тағы да қыз зорлағаны үшін қамалды
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес
BBC Русская Служба

Америкалық атақты әнші тағы да қыз зорлағаны үшін қамалды

Рассказать Вконтакте

Парижде қыз зорлады деген күдікпен америкалық әнші Крис Браун қамалды. Бұл туралы француздық полицияға сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Фото: Gettyimages.ru

Фото: Gettyimages.ru

24 жастағы қыз Браунды "15 қаңтарда қонақ үйдегі бөлмесінде зорлады" деп кінәлауда.

Бойжеткен полицияға жазған арызында олар Париждің орталығындағы түнгі клубта кездескенін, содан кейін әнші тұрып жатқан қонақ үйге барғанын алға тартқан.

Крис Брауннан бөлек оның оққағары және тағы бір ер азамат қамауға алыныпты.

29 жастағы әнші бұл туралы ешқандай мәлімдеме жасаған жоқ. Француздық полиция қыздың арызын тексеруде.

Айта кетерлігі, Браун осыған дйеін де заң бұзушылық әрекеттерге барған.

Ол бұрынғы қызы Риананы 2009 жылы ұрғаны үшін бес жылға шартты түрде сотталып, қоғамдық жұмысқа тартылған болатын.

Ал 2016 жылы оның үстінен басқа бір әйел "тапаншамен қорқытты" деп арыз түсірген.

Кейінірек Браун босап шығып, оның адвокаты бұл оқиғаның "жалған ақпарат" екендігін жеткізген.

Сондай-ақ, әншінің үстінен тағы бір қыз "зорлады" деп арызданыпты.

Фото: Gettyimages.ru

Фото: Gettyimages.ru

Сіздің реакцияңыз
0
0
2
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel