RU
БТА банкінің лауазымды қызметкерін бопсалағандар туралы тың дерек шықты
Жаңалықтар Қоғам

БТА банкінің лауазымды қызметкерін бопсалағандар туралы тың дерек шықты

Рассказать Вконтакте

Алматы қаласында мемлекеттік кірістер департаменті экономикалық тергеу қызметі қызметкерінің бір жарым миллион доллар бопсалағаны анықталды. Мән-жайды "Время" басылымының журналистері анықтады деп жазады NUR.KZ.

vestikavkaza.ru

Көрнекі фото:vestikavkaza.ru

21 қаңтар күні Бас прокуратора жәдел уәкіл Дархан Ысқақовтың жарты миллион доллар пара алу кезінде тұтқындалғанын растады. Тәртіп сақшысының сыбайластары бар екені анықталған. Үшеуі тағы жарты миллион доллар алуды көздепті.

Құқық қорғау органдарына ер азамат хабарласып, заң жүзінде әлі жұмыс істеп жатқан БТА Банк пен Казкомның күдікті әрекеттерін тексеруді талап етіп арызданған.

Тексеру аясында екі банктің де активтері банктерді шығынға батырған несиелерді сатып алуға міндеттелген "Проблемалық несиелер қоры" АҚ-на беріліп отырғаны анықталған.

Кейбір адамдар аталған банктердің активтері жоғары бағамен сатылған деп ойлаған болса керек. Бірақ ПНҚ бұған қатысты арызданбаған, демек активтер бағасы дұрыс қойылған және банкирлер қылмыстық әрекетке бармаған.

Дегенмен Ысқақов пен оның сыбайластары БТА Банкінің директорлар кеңесінің төрағасымен байланысқа шығып, тергеу жүргізілсе ол сотталуы мүмкін екенін мәлімдеп, мәселені бір жарым миллионға шешуге болатынын айтады.

Банк төрағасы жеңілдік сұрап, тараптар бір миллион доллар сомасына келіскен

Соманың жартысын беру кезінде Ысқақов құрықталды. Онымен бірге құқық қорғау органдарына қатысы жоқ екі Алматы тұрғыны - Эйлаз Сулейманов және Данияр Альпиев бірлесе әрекет еткен.

«Время» басылымының журналистері Сулейманов «ФарИМАс» құрылыс компаниясының құрылтайшысы екенін анықтаған. Бұл компанияның биылғы жылдың бірінші қаңтарында бес миллион теңге қарыз екені белгілі болды.

Альпиев болса «Алтын Орда» базарының әкімшілігін басқарады екен. Оның әкесі бұрын сол базардың иесінің ортақтасы болған. Ол кісі қолынан қаза болыпты. Дегенмен екі ер адам да қазір ресми түрде жұмыссыз болып табылады.

Іске қатысы бар үш азамат та екі айға тұтқындалды, қазір олар уақытша ұстау абақтысында отыр.

Еске сала кетейік, 19 қаңтар күні "БТА Банк" директорлар кеңесінің төрағасынан $1 млн АҚШ бопсалағандар ұсталғаны хабарланған болатын.

Ақпаратты көшіру және пайдалану "Время" басылымының" рұқсатымен ғана жүзеге асырылады.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel