RU
Көшқалиев ең алғашқы бейнебаянын қарызға түсіргенін жайып салды
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Көшқалиев ең алғашқы бейнебаянын қарызға түсіргенін жайып салды

Рассказать Вконтакте

Отандық әнші Бейбіт Көшқалиев NURTV.KZ-тің "Клип Show" атты жаңадан ашылған бағдарламасына келіп, өзінің алғашқы бейнебаяндары жайлы айтып берді. Әнші қарызға ақша алып, клип түсірген күндерін еске алды деп хабарлайды NUR.KZ.

Бейбіт Күшқалиев. Фото:jasqazaq.kz

Бейбіт Күшқалиев. Фото:jasqazaq.kz

"Бұл менің бағымды ашқан клип қой. Шыны керек, мұны қарызға ақша алып түсіргем.

Осы бейнебаян шығайын деп жатқанда мені Марат Оралғазин мен Еркебұлан Мырзабек алдап, "Мен алдандым" бағдарламасын түсірген.

Клипті түсірген жігіт келіп "Дискіні жоғалтып алдым" деді. Мен жылап, Марат пен Еркебұланға ұрыстым. Бір жақсысы, кейін "Мен алдандымның" ол саны шықпай қалды.

Курс төмен кезде осы клипті 5-6 мың долларға түсірдім. Қалтамда көк тиын жоқ.

Қарызға алған ақшам. Осындай жағдайлар үшін бұл клип мен үшін - қымбат", - деді Бейбіт Көшқалиев.

Естеріңізге сала кетейік, Бейбіт Күшқалиевтің әндерін біздің "Музыка Нұр" қосымшасынан тыңдай аласыздар.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel