Выйти
RU

Әжесінің қолынан сүйіп, бата алған Қайрат Нұртас көптің жүрегін елжіретті

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қайрат Нұртас әжесімен кездескен сәті түсірілген видеоны әлеуметтік желіге жүктеп, өз оқырмандарын жылатып қойды. Әнші 91 жастағы әжесін құшағына алып, сағынышын басқан деп жазады NUR.KZ.

Хитмен желі оқырмандарының жүрегін елжіреткен видеоны өзінің Instgaram парақшасында жариялаған.

Аталмыш бейнежазбада ол әжесінің қолынан қайта-қайта сүйіп, онымен біраз тілдескен.

Ұмытшақтық қарттарға тән болғандықтан Қайрат Нұртас өзінің кім екенін әжесінің есіне ссалады. Оған қоса, эстарда әншісі әжесін өз балаларымен таныстырған.

Әжесі мен немересінің қауышу сәті желіде қызу талқыға түсіп, көпшіліктің ыстық ықыласына ие болды.

Оқырмандар өнер иесінің әжесіне деген махаббатына тәнті болып, кейбірі тіпті көз жасын тыя алмағанын айтуда.

Желідегілер бұл видеодан ерекше әсер алғанын айтып, өз әжелерін еске алып жатты.

"Қандай керемет сәт. Жарайсың Қайрат" , "Әжеңіз бақытты жан. Немере мен шөбересін көріп, оларға еркелеп отырған", "Қайраттың балалары қандай тәрбиелі. Әжесін құшақтап өліп барады" , "Әжесінің қолын сүйген адам жаман болмайды. Қарапайымдылығыңызды тағы бір мәрте дәлелдеп отырсыз" , "Жылағым келіп кетті. Аман болсын қарияларымыз", "Өз әжемді еске алып, көз жасын жіберіп алдым" , - деп жазуда көпшілік.

Естеріңізге сала кетейік, Қайрат Нұртастың әндерін біздің "Музыка Нур"қосымшасынан тыңдай аласыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Әжесінің қолынан сүйіп, бата алған Қайрат Нұртас көптің жүрегін елжіретті