RU
Сауық кешінде досы зорлаған жаркенттік келіншек сырын жайып салды
Жаңалықтар Қоғам

Сауық кешінде досы зорлаған жаркенттік келіншек сырын жайып салды

Рассказать Вконтакте

Жаркент тұрғыны Мөлдір Жұмабаева өзін 15 жыл бұрын сыныптасы зорлағанын жасырмай айтты деп хабарлайды Жетінші арнаның "Өз ойым" бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

видеодан скриншот

Фото:видеодан скриншот

Келіншекті 15 жыл бұрын болған сауықкеш кезінде өзі жақсы танитын сыныптасы зорлап тастаған. Алайда ол азғындық әрекетке барған жігіттің есімін атамады.

“Кеш бір қыздың үйінде болды. Сол кеште сөйлесуім керек деп көлікке шақырды. Мектепте бірге жақсы оқығанбыз. Жақсы араласатынбыз, дос, сырлас болатынбыз. Бір-бірімізге көмектесетінбіз”, – деді Мөлдір.

Ештеңеден секем алмаған бойжеткен сол сәтте досына сеніп барған.

“Сағат 12-де бәріміз бір-бір шөлмек аққайнар іштік. Көлікке барып отырдым. Содан кейін жігіт өз ісін жүзеге асырды. Сағат түнгі бір не екі шамасында болған. Білмеймін, өте көп уақыт болған сияқты. Аяғына дейін күрестім. Бірақ күшім жетпеді”, – деді Жұмабаева.

Осы жағдайдан кейін ол салмақ тастап, тіпті анорексия аруына шалдығыпты. Тек құрбысына мұңын айтып, шерін тарқатқан соң ғана біраз жеңілдеген.

Қазір Мөлдір Жұмабаева зорлық көрген қыздарға психологиялық көмек көрсетумен айналысады екен.

Сіздің реакцияңыз
3
6
6
2
2
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel