Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Роналду жанкүйерінің мұрнын сындырып жіберді (фото)

Опубликовано:

Әлемге әйгілі Криштиану Роналду допты қатты тебемін деп, стадиондағы жанкүйерінің мұрнын сындырып жіберді. Футболшының жойқын соққысынан зардап шеккен бойжеткен енді аяқдопшы өзін кездесуге шақырғанын қалайды деп жазады isport.ua сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото:eurosport.ru
Фото:eurosport.ru: Facebook

Оқиға "Ювентустың" "Кьево" футбол клубымен ойыны алдындағы жаттығу кезінде орын алған. Қатты соққы жасамақ болған Роналду тепкен доп жанкүйер қыздың мұрнын сындырған.

Елена Ди Мартиноға бірден медициналық көмек көрсетілді. Жұлдызды ойыншы соққысынан жарақаттанған бойжеткен басынан өткен жағдайға қатысты Facebook желісінде арнайы жазба қалдырған.

"Роналдудан таяқ жеу күнде бола бермейтін жағдай. Енді мен онымен кездесуді асыға күтетін боламын. Ол мені кездесуге шақыруы тиіс" ,- деп жазды ол.
Фото: Facebook
Фото: Facebook: Facebook

Желі оқырмандары Ди Мартиноның үндеуіне бір ауыздан қосылып, Роналду өтемақының орнына бойжеткенді кешкі асқа шақыруы керек деп болжады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1774633-ronaldu-zankjerini-mrnyn-syndyryp-ziberdi-foto/

pixel