RU
Түркістан облысында әкім орынбасарын тапсырыспен өлтірмек болған
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Түркістан облысында әкім орынбасарын тапсырыспен өлтірмек болған

Рассказать Вконтакте

Түркістан облысында қарулы шабуыл жасалған әкім орынбасарын тапсырыспен өлтірмек болған. Бұл туралы прокурор Алмас Сағындықов оқиғаға қатысты басталған сот отырысында мәлімдеді. Оның сөзінше, оқ атылған Рабиға Бейсебаеваның танысы Серік Бектанов өзара мәселеге байланысты одан кек алуды көздеген деп хабарлайды Қазақпарат.

Фото: oxu.az, Әкімдіктің Facebook парақшасынан. Коллаж: NUR.KZ

Фото: oxu.az, Әкімдіктің Facebook парақшасынан. Коллаж: NUR.KZ

Төле би ауданы әкімінің орынбасарымен өштеспек болған ер адам Жамбыл облысының тұрғыны Әділет Төребековке xабарласып, арнайы тапсырыс берген.

Ол қылмыстық әрекеті үшін 1 млн 300 мың теңге беруге уәде етіпті.

Нәтижесінде, Төребеков, Тазабеков және Амалбаевтар бұл тапсырысты орындауға кіріседі.

Алайда олар арам ойларын бірден жүзеге асыра алмаған. Ер адамдар әкім орынбасырының үйінің маңына екінші мәрте барып, оны өлтірмек болады.

"Төребеков жердегі тасты Бейсебаева мен оның жүргізушісі Биболовқа лақтырған. Оған қоса, Бейсебаеваға қарай үш рет тапаншамен оқ атыпты. Үш азамат та оқиға орнынан қашып кеткен. Алған жеңіл дене жарақаты салдарынан Рабиға Бейсебаева Леңгір ауруханасына түскен" , - деді прокурор Сағындықов.

Анықталғандай, бұдан кейін тапсырыс беруші оны іске асырған үш күдіктіге де қолма-қол ақшасын берген.

Айта кетейік, өткен жылдың қазан айында Төлеби ауданы әкімінің орынбасары Рабиға Бейсебаеваға белгісіз біреулер шабуыл жасап, өлтіруге әрекеттенген болатын.

Түскі үзіліс кезінде қызметтік көлігімен үйіне келген сәтте үш адам оған қарай бірнеше рет оқ атқан.

Қазіргі таңда оқиғаға қатысы бар деп танылған күдіктілердің барлығы ұсталды.

Сіздің реакцияңыз
1
2
0
1
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel