RU
Үндістанда жаңа туған сәбиін тірідей көмгендер әлемді дүр сілкіндірді
Жаңалықтар Әлемде

Үндістанда жаңа туған сәбиін тірідей көмгендер әлемді дүр сілкіндірді

Рассказать Вконтакте

Үндістанның Шахджаханпур қаласында тұратын ерлі-зайыпты жаңа туған қызын тірідей көміп тастаған деп хабарлайды Риа Новости-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: zdorovoe-nastroenie.ru

Көрнекі фото: zdorovoe-nastroenie.ru

Басылымның жазуынша, ата-ана мен отбасының екі туысының мұндай қадамға баруына жергілікті бақсы әсер етіпті.

Ол туғанына 20 күн болған қыздың ішіне жын кіріп кеткенін айтыпты. Оны шығару үшін ата-анасына "тірідей көму керек екендігін" жеткізген.

Олар бақсының сөзін бұлжытпай орындап, нәрестені тоғанға көміп тастаған.

Алайда көрер жарығы бар сәбиді сол маңнан өтіп бара жатқан Дхармендра Кумар есімді өтіп бара жатқан адам байқап қалып, құтқарып алған.

"Шырылдаған дауыс осында алып келді. Мен тезірек жерді қазып, баланы тірідей тауып алдым", - дейді ер азамат.

Кумар қыз баланы дереу ауруханаға жеткізіпті. Қазір нәресте дәрігерлердің бақылауында.

Жергілікті полиция жарсынып үлгерген баланың анасын іздеп жатыр. Ал жерлеу рәсімінің қалған қатысушылары толық ұсталған.

Сіздің реакцияңыз
0
3
1
1
1
2
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel