RU
24 қаңтарға арналған жұлдыз жорамал
Жаңалықтар Калейдоскоп

24 қаңтарға арналған жұлдыз жорамал

Рассказать Вконтакте

Бүгін ай күнтізбесіндегі ең қауіпті күн. Сондықтан аз жұмыс істеу керек. Бүгінгі күннің ұраны "сабыр түбі - сары алтын". obozrevatel сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ 24-ші қаңтарға арналған жұлдыз жорамалды назарыңызға ұсынады.

rsloboda-rt.ru

Көрнекі фото:rsloboda-rt.ru

1. Тоқты

Бүгін қалжын түсінбейтін боласыз. Басқалар сізбен әзілдескен болса, басы бәлеке қалады. Сондықтан жөнсіз жанжал тудырмас үшін адамдармен барынша араласпауға тырысыңыз.

2. Торпақ

Бұл бейсенбі күйзеліске толы болады. Таңертеңнен бастап жағдайлар ушығып, айналадағы барлық адам сізді ренжітіп, қамықтырады. Сабыр етіп, өзіңізді қолда ұстауға тырысыңыз. Кешке бәрі өз орнына келеді.

3. Егіздер

Маңызды шешім қабылдауға, жаттығу жасауға немесе жауапты іс атқаруға келгенде бүгін күшіңіз сарқылады. Аптаның аяқталуына әлі бір күн қалғандықтан күш-жігеріңізді жинақтаңыз.

4. Шаян

Бүгін барлық нәрсе сізге негізгі шаруамен айналысуға кедергі келтіреді. Көздеген мақсатқа жетуге әріптестер, таныстар, кездейсоқ оқиғалар, қажетсіз ойлар кедергі болады. Дегенмен сіз осы қиындықтарға қарамастан, қойған мақсатыңызға қарай бет аласыз.

5. Арыстан

Бүгін қаншалықты демалғыңыз келсе де, жұмыс міндеттері, әріптестердің өтініштері, жақындарыңыз ондай мүмкіндік бермейді. Сондықтан бас алмай жұмыс істеуге дайын болыңыз.

6. Бикеш

Жағдайларға қарамастан бүгін алға қойған жоспарыңызды іске асыруға тырысасыз. Дегенмен бүгінгі күннің энергиясы діттегеніңізге жетуге кедергі келтіреді, сондықтан бұған көнген абзал.

7. Таразы

Көңіл-күйіңіз құбылмалы болады. Өзіңіз мұның себептері ішкі толқыныстарыңыз екенін жақсы білгенмен, бұл үшін ешкімнің алдында ақталмайсыз. Дегенмен біреуді қатты ренжітіп, не ашуландырып алмас үшін өзіңізді қолда ұстауға тырысыңыз.

8. Сарышаян

Күнделікті күйбең тіршіліктен оқшауланып, өміріңізді ретке келтіріңіз. Үйіңізді ескі, қажетсіз заттардан тазартыңыз. Үйіңізді жинаған жақсы болады.

9. Мерген

Бүгін шығындарыңызды бақылауда ұстаңыз. Жалақы алатын картаңызды үйде қалдырып кеткен дұрыс. Ал айлығыңызды алған болсаңыз, оны бірден сенімді адамға беріп қойыңыз, әйтпесе қажетсіз дүниелер алып қоясыз.

10. Тауешкі

Бүгін адамдар туралы асығыс пікір қалыптастырмаңыз. Адал, сенімді болып көрінген адамның өзі сізді таңғалдыруы мүмкін. Маңызды шаруаларда тек өзіңізге сенім артқан дұрыс болады.

11. Суқұйғыш

Бүгін ішкі түйсігіңізге сенім артыңыз. Тағдырдың тосынсыйларына, кездейсоқ кездесулер мен күтпеген өзгерістерге дайын болған жөн.

12. Балықтар

Жоспарларыңызды іске асыруға қаншалықты тырысқаныңызбен түк шықпайды. Сондықтан қалыптасқан жағдайға мойынсұнып, бүгін тынығыңыз. Сырт келбетіңізбен айналысыңыз.

Сіздің реакцияңыз
2
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel