RU
23 жастағы кәсіпкер Назарбаевқа маркетинг министрлігін құруды ұсынды
Жаңалықтар Қоғам

23 жастағы кәсіпкер Назарбаевқа маркетинг министрлігін құруды ұсынды

Рассказать Вконтакте

Бүгін Астанада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен жастар жылы салтанатты түрде ашылды. Онда белсенді жастар мемлекет басшысына маркетинг министрлігін құруға ұсыныс білдірді деп жазады NUR.KZ.

Фото Алена Бутенко / NUR.KZ

Фото Алена Бутенко / NUR.KZ

"Нұрсұлтан Әбішұлы, Жастар жылында жаңа жоба ұсынғым келіп отыр. Ол – елімізде маркетинг министрлігін құру.

Бұл министрлік Қазақстанның халықаралық аренада ребрендинг жасауына жол ашатын еді.

Сондай-ақ, ол барлық ведомстволардағы пиар-қызметтерді жетілдіру алаңына айналып, "Рухани жаңғыру" бағдарламасын одан ары дамытуына үлес қосатын еді", - деді Yuframe бірлестігінің жетекшісі Расул Абдуллаев.

Сондай-ақ, Абдуллаев өз интернет жобасы туралы айтты.

"Біздің бірлестік еліміздегі ауқымды интернет жоба болып саналады. Біздің төрт миллионнан астам оқырманымыз бар.

Ал апта сайын бізді 20 миллионнан астам оқырман оқиды. Біз өз өнерімізбен бүкіл әлемді таң қалдырғымыз келеді.

Қазірдің өзінде біз Yuframe бургер -мейрамханалар желісін құрдық. Алдағы уақытта осындай мейрамханалар санын 100-ге жеткізбекпіз", - деді Расул Абдуллаев.
Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel