RU

Президент Сұлтановқа алма өсіретін фермер әйелге жер беруді тапсырды

Қазақстандық фермер әйел Тамила Розметова Нұрсұлтан Назарбаевтан алма бағын отырғызу үшін Астанадан бір гектар жер сұрады деп жазады NUR.KZ.

Фото Алена Бутенко / NUR.KZ
Фото Алена Бутенко / NUR.KZ: Original

Ол өзінің өтінішін Елбасыға жастар жылының ашылу салтанатында білдірген.

"Алманың тарихи отаны Қазақстан екенін сіздің "Ұлы даланың жеті қыры" атты мақалаңыздан білдім. Бүгінде кең даланың қырын біз Атырауда жандандырып жатырмыз.

Біз махамбет алмаларының атағын шығармақпыз. Жастар жылында Қазақстан халқы ассамблеясының қозғалысы нақты жобаға қолдау көрсеткіміз келеді.

Осы көктемде Астанада алма бағын отырғызуға ниеттіміз. Біз аяз бен желден қорықпайтын алманың төрт арнайы түрін дайындап қойдық" , - деді Тамила Розметова.
Фото Алена Бутенко / NUR.KZ
Фото Алена Бутенко / NUR.KZ: Original

Назарбаев өз кезегінде Астана әкіміне үндеу салды.

"Бақыт Сұлтанов осында ма? Қазір жазып алып, қолдау көрсетсін" , - деді президент.
Фото Алена Бутенко / NUR.KZ
Фото Алена Бутенко / NUR.KZ: Original

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1774673-prezident-sltanovka-alma-siretin-fermer-jelge-zer-berudi-tapsyrdy.html