RU
Қазақстанның атауын Қазақ Республикасы деп өзгерту ұсынылды
Жаңалықтар Қоғам

Қазақстанның атауын Қазақ Республикасы деп өзгерту ұсынылды

Рассказать Вконтакте

"Ақ жол" парламент фракциясының депутаттары үкіметке Қазақстан Республикасының атауын Қазақ Республикасы деп өзгерту туралы ұсыныс жасады деп жазады NUR.KZ.

Бүгін, 23 қаңтар күні, мәжілістің пленарлық отырысында депутат сауалы кезінде премьер-министр Бақытжан Сағынтаевқа осындай ұсыныс тасталды.

«Құрметті Бақытжан Әбдірұлы, келесі жылы КРСО құрамында құрылған Қазақ республикасының құрылғанына 100 жыл болады. Бұл тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуына негіз болған мемлекет», - деді Перуашев премьер-министрге.

«Ақ жол» партиясы Қазақ республикасының 100 жылдығына мемлекеттік деңгейде көңіл бөліп, жоғары деңгейде атап өтуді ұсынды.

Ол үшін депутаттар ғылыми конференциялар ұйымдастырып, мемлекеттің құрылуына атсалысқан тұлғалардың еңбектерін жариялап, олардың құрметіне нысандар мен көше атауларын беріп, пошта маркасы мен естелік тиындар шығаруды ұсынды.

«Сонымен қатар, «Қазақстан» атауының орнына елімізге ресми «Қазақ Республикасы" атауын қайтару мәселесін қарастыруды ұсынамыз», - деді Азат Перуашев.

Оның сөзінше, Елбасы бұл ұсынысты бес жыл бұрын "Мәңгілік ел" тұжырымдамасын талқылау кезінде айтқан.

«Елбасының бастамасын іске асыратын кез келді деп ойлаймыз. Бар нәрсені өз атауымен атау керек. Ақты - ақ, қараны - қара, ал қазақтарды - қазақ деп атайық», -делінді сауалда.

«Ақ жолдықтар» тоталитарлы үкіметтің өзі мойындаған "Қазақ" деген атауды қайтару, тарихи әділеттілікті орнатып, отандастарымыздың бірлігі мен достығын нығайтуға әсер ететініне сенімді.

Сіздің реакцияңыз
6
0
0
0
1
28
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel