Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Даламыз - жұмақ қой": Елбасы қалай байып кету керек екенін айтты

Опубликовано:

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Астанада өткен жастар жылының ашылу салтанатында жастарды ауыл шаруашылығымен шұғылдануға шақырды. Мемлекет басшысы егіншілік пен мал жайылымдарын жаңа технологиялар арқылы дамытуды ұсынды деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Нұрсұлтан Назарбаев, фото: Ақорда
Нұрсұлтан Назарбаев, фото: Ақорда: Facebook

"Ауыл жастаранының үлесі көп – 43 пайыз. Ауылдан қалаға көшкен жастар саны осы 10 ай ішінде 222 230 адамды құраған. Олардың білім алып, жұмысқа орналасуына жағдай жасауымыз керек.

Сондай-ақ, жергілікті жерлердің кадрлық әлеуетін көтеру керек. Кезінде "Дипломен ауылға" жобасын ұсынғанмын. Осы жоба аясында Үкіметке оларға берілетін төлем көлемін 70 АЕК 100 АЕК – ке дейін жоғарылатуды тапсырамын", - деді Елбасы.

Сондай-ақ, мемлекет басшысы ауыл шаруашылығы саласындағы мәселелерді де тізіп берді.

"Бүгінде бізді Израиль жыл бойы құлпынаймен қамтамасыз етеді екен. Түгі жоқ, тек құм мен шөлде жатып, осындай өнім алып отыр.

Оның жанында біздің даламыз - жұмақ қой? 40 мың гектар егіндік жер, 180 млн гектер мал жайылымы бар.

Ғылыми технологияны енгізетін болсақ, дүниежүзін асыруға атсалысып, байитын едік... "Колхоз, колхозшы" деген баяғыда қалды.

Ауыл шаруашылығы жерлерін жаңа, озық технологиялар арқылы дамыту керек. Жалпы, ауылда қалып фермерлікпен шұғылданатын азаматтар дұрыс жасап отыр, ойлану керек", - деді мемлекет басшысы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1774692-dalamyz-zmak-koj-elbasy-kalaj-bajyp-ketu-kerek-ekenin-ajtty/

pixel