Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сүйіктісі бар жігітті қалай қаратып алуға болады?

Опубликовано:

парень и двое девушек, ревность
Фото: 1-kak.ru: Facebook

Сүйіктісі бар жігітті ұнатып қалып жатқан қыздар бүгінде күн санап артуда. Бойжеткендердің басым көпшілігі жақсы көріп қалған азаматының ғашығы бар екенін біле сала одан үзілді-кесілді бас тартып жатады. Алайда, қызы бар жігіттерді де қаратудың амал-тәсілдері жоқ емес. Олардың ең маңыздысын selfishlady.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ назарларыңызға ұсынады.

Ғашығы бар жігіттердің жүрегін жаулаудың кең тараған алты түрі бар. Егер де ол азамат сізге таныс болмаса, онымен әлеуметтік желі немесе ортақ таныстарыңыз арқылы танысып алған жөн. Ал егер оны танитын болсаңыз, ол үшін ең жақын дос болуға тырысуыңыз қажет.

Оны жүзеге асырудың жолы мынадай:

1. Қиын жағдайда үнемі қасынан табыла біл. Ол сенің қолдауыңды бағалап, саған одан бетер сенім арта түседі.

2. Егер ол сүйіктісмен ұрысып қалса, онымен ашық түрде сөйлескен жөн. Оған орын алған жағдайда ешкімнің кінәлі еместігін түсіндір. Сіздің қолыңыздан оларды татуластыру келсе, кейіннен бұл жайт ескерусіз қалмасы анық. Болашақта оның сүйіктісімен бәсекелестігің күшейе түссе, сенің үлкен артықшылғың болады.

3. Оның қызуғушылығың зерттеп, барынша қолда. Оның жетістіктері мен жеңістері үшін өзі іспетті қуанып, оны үнемі мақтан тұт. Сол кезде жігіт өзіңмен рухани тұрғыда жақын екенін сезе түседі. Ер адам өзің үшін аса маңызды матч, болмаса белгілі бір іс-шараға келуге көндір. Оның әрбір бастамасына барынша қолдау көрсет. Бірте-бірте солай ол үшін орын бөлек, қайталанбас аса ерекше тұлғаға айналып шығасың.

4. Жігіттің өмірі жайлы барынша көп мәлімет білуге тырыс. Оған қоса, өзіңде болып жатқан жаңалықтармен әрдайым бөлісіп тұр. Оның қызының бар болуы сендердің араласып тұруларына кедергі келтіруі әбден мүмкін. Алайда, онымен араласуыңды үзбеуге тырыс. Керек болса, оны қызымен бірге кездесуге шақырып көр.

5. Оның достарымен жақсы аралас. Ғашығыңа ұнау үшін оның жақын достарының да көңілінен шығуың аса маңызды. Олар сен жайлы жақсы сөздер айтып, әңгіме барысында үнемі сен жайлы айтып қалып оның есіне салып тұрады. Оның айналасымен жақсы қарым-қатынаста бол. Бұл кейіннен қызғаныш сезімін тудыруға таптырмас мүмкіндік болмақ. Арман еткен жігітің сені досынан қызғанып, сезімін ашық айтып та қалуы мүмкін.

6. Жақсы киініп жүр. Оған жақсы әсер қалдыру үшін әдемі киім-кешекті де таңдаған жөн. Себебі, ер адамдар табиғатынан салыстырғыш болып келеді. Жігіт сүйіктісін сізбен салыстырып, тіпті оған сізді үлгі етуі мүмкін.

Фото: onmoy.com
Фото: onmoy.com: Facebook

Өзіңізге ұнап қалған жігіттің қызымен қандай қарым-қатынаста болу керек?

Бразилиялық телехикаядағыдай жанжал, айқай ұйымдастырып, ол жайлы жаман қауесеттер таратудың еш қажеті жоқ. Мұндай әрекеттер арқылы сен ғашығыңның сыйластығынан айырылып, одан қол үзесің.

Егер қыз өз жігітін жақсы көрсе, ол сіздердің жақындасып жүргендеріңізді бірден байқап, қызғана бастайды. Мұндай жағдай саған тіптен жақсы әсер бермек. Сенің оның сүйіктісін жақсы көретінін білген ол жігітіне ұрыс-керіс жасап, жұптың арасында келіспеушілік орын алады. Сенің мақсатың - қандай жағдай болмасын сабырлықпен жеңу. Егер ол не себепті онымен сөйлесетініңді сұраса, таңғалғандай кейіппен жауап қату керек.

Алайда, біреудің көз жасына қалып, сүйіктісін тартып алу арқылы бақытты болатыңызға кепілдік жоқ. Ол жігітпен баянды өмір сүрер-сүрмесің белгісіз. Сол себепті, ол сізді басқа біреуге алмастырмас үшін мына ережелерді естен шығармаған жөн:

  • Оның қызының қылықтарын қайталама, өз ерекшелігіңізді сақтай біліңіз.
  • Қызы бар екенін біле жігітпен төсектес болмаңыз. Ол сізді мүлде сыйламайтын болады.
  • Көп сөйлесе бермеңіз. Ер азаматтар есін шығарып жаза беретін арулардан әдетте аулақ жүруге тырысады.
  • Шыдамсыздық танытпаңыз. Қызын тастасын деп талап қоюдың қажеті жоқ. Ол кіммен болғысы келетінін өзі шешеді.
  • Ешқашан оның қызы жайлы өсек пен қандай да бір жаман сөз айтпаңіз. Ондайдан аулақ болңыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1774709-sjiktisi-bar-zigitti-kalaj-karatyp-aluga-bolady/

pixel