RU
"Байқаңдар жігіттер": Назарбаев отбасын құрғысы келетін жастармен әзілдесті
Жаңалықтар Саясат және экономика

"Байқаңдар жігіттер": Назарбаев отбасын құрғысы келетін жастармен әзілдесті

Рассказать Вконтакте

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жастар жылының ашылуына орай ұйымдастырылған салтанатты жиында жастарға ақыл-кеңесін айтып, батасын берді. Сөз арасында мемлекет басшысы бойдақ жігіттерге әзіл де айтты деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: Ақорда

Фото: Ақорда

Президент соңғы жылдары жастар арасындағы ажырасу көрсеткішінің арта түскендігіне алаңдайтынын жеткізді.

"Батыс елдерінде отбасын қалай құрып, қалай берік жанұя болу туралы ақыл-кеңестерді көп айтады. Оның бәрін жоғары сыныптардан бастау керек. Ана мен бала институтынан бөлек, әкелер институтын да құру керек.
Олар да отбасылары алдындағы жауапкершілікті сезінулері керек. Махаббат бір-біріне деген ыстық сезімнен басталады. Бірақ одан бөлек сыйластық, түсіністік деген қасиеттерді ұмытпауымыз тиіс. Отбасы болған соң бәріне төзіп, еркіндік бере білу шарт.
Бұл үшін адам өте ақылды бола білу керек. Жаңағы 27 жасында көп балалы ана атанып отырған жас ананы қараңыздаршы? Бәрі сондай болса ғой.
Өкінішке орай, қазір ажырасу жағдайлары өте көп. Тәуелсіздік жылдары жарты миллионға жуық отбасы құрылыпты. Олардың жиырма бес пайызы отбасылық өмірдің басында-ақ айырылысып кеткен.
Мұның бәрінің себебі неде? Әрине отбасындағы түсініспеушіліктер, қаржы тапшылығы, ата-анамен бірге тұру және тағы басқалары", - деді президент.

Сөз арасында президент жастарға әзіл айтып та үлгерді.

"Кореяда косметика индустриясы жақсы дамыған. Адамның бетін, тұла бойын адам танымайтындай қылып өзгертіп жібереді. Сосын баласы дүниеге келгенде, бөбегі анасы ұқсамайды дейді. Себебі кезінде басқаша болған, қазір басқаша. Сондықтан байқаңдар жігіттер, қыздың бетін жуып-шайып көріңдер", - деп әзілдеді президент.

Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel