RU
Назарбаев: Қарттар үйіндегі қазақтың қарияларын көргенде көңілім құлазиды
Жаңалықтар Саясат және экономика

Назарбаев: Қарттар үйіндегі қазақтың қарияларын көргенде көңілім құлазиды

Рассказать Вконтакте

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астанада өтіп жатқан жиында жастарды ата-аналарына құрмет көрсетуге шақырды. Президент қазақта туған ата-анасын қариялар үйіне өткізіп, балаларды жетімдер үйіне беру деген бұрын-соңды болмаған айтты деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: Ақорда

Фото: Ақорда

Елбасы жастарға әсіресе ұлттық салт-дәстүрімізді ұмытпауға кеңес берді.

"Ата-бабабыздан қалған дәстүрлер бар. Батысқа еліктеп, демкорат боламыз деп оны ұмытып кетпеу керек. Қарттар үйіне барғанда қазақтың қариялары, шал-кемпірлерін көргенде көңілім құлазып, жүрегім ауырады. Қазақта бұрын-соңды ондай болмаған. Қазақта керісінше кіші баласы – отау иесі болады деген. Баласын жетімдер үйіне беру деген де қазақта болмаған. Сондықтан, жетімдер үйіндегі балаларды асырап алу керек. Ол Аллаға да, адамға да үлкен сауап", - деді Елбасы.

Сонымен бірге мемлекет басшысы жастарға өмірден түйген тәжірибесімен бөлісіп, аталық ақыл-кеңесін де айтты.

"Қазір жассыңдар, өмір мың жылдық шексіз болып көрінуі мүмкін. Бірақ өмір қысқа, қамшының сабындай зу етіп өте шығады. Сондықтан уақыттырыңды әр мамандықта игеремін деп босқа өткізбей, бір мамандықты алып, соны тереңдете оқып, соның айналасында қызығын көру көруге тырсыңдар.
Себебі, өмір зу етіп өте шығады... Сол сияқты үйлерінде жалғыз отыратын қаншама қариялар бар? Соларға мына жастар, еріктілер елеулі көмек көрсетулерің керек. Үлкен адамның батасын алсаңдар қайта бәрімізге жақсы емес пе?
Бастысы, аталарымыздың қанымен, аналарымыздың көз жасымен келген тәуелсіздіктің қадірін біліңдер. Олар бізге осы тәуелсіздікті аманат етіп тастап кетті. Оны ары қарай ұстап қалу сендердің мойындарыңда.
Баршамыз өз ұлтымыздың, Отанымыздың патриоты болуымыз керек, бірақ басқа ұлттарды сыйлауымыз керек. Алға қойған мақсаттарыңа жетіп, өркендей беріңдер" , - деп батасын берді президент.
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel