Выйти
RU

Ақтөбеде қойшыны пышақпен қорқытып, қой ұрлағандар ұятқа қалды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Ақтөбеде медициналық маска киген үш азамат қойшыны пышақпен қорқытып, екі қойды алып кеткен деп жазады Newtimes.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: Capital.ua

Көрнекі фото: Capital.ua

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, 21 қаңтар күні түнгі сағат үштер шамасында қойшыны үш азаматтың қорқытып, екі қойын алып кеткені туралы хабарлама түскен.

Қарақшылар оқиға орнына "ВАЗ" көлігімен келіпті.

"Жедел-іздестіру шаралары барысында үш күдікті Ақжар ауылында ұсталды. Олар "ВАЗ" көлігінде болған. Қойлар иесіне берілді", - деді полиция.

Қазіргі үш азаматтың үстінен ҚК "Қарақшылық" бабы бойынша тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Ақтөбеде қойшыны пышақпен қорқытып, қой ұрлағандар ұятқа қалды