RU
Назарбаев: Баспананы қанша салсақ та, жетпейді
Жаңалықтар Саясат және экономика

Назарбаев: Баспананы қанша салсақ та, жетпейді

Рассказать Вконтакте

Мемлекет басшысы бүгін жастар жылының ашылуына орай ұйымдастырылған салтанатты жиында жас отбасылардың баспаналы болу жайын да тілге тиек етті. Президенттің сөзінше, еліміздегі әр жас отбасының өз баспанасы болуы шарт деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: akorda.kz

Фото: akorda.kz

Елбасы өз сөзінде жастар жылының еліміздің жас тұрғындарына берері мол болатынығын мәлімдеді.

"Біз жастар жылы деп бекерден бекер жариялаған жоқпыз. Біз әр жас қазақстандықтың сұранысына сай жағдай жасауымыз керек. Оларға не жатады? Сапалы білім алу, оларды жұмыспен қамту, тұрғын-үй қамтамасыз ету. Үй демекші, бұл мәселенің әлі де бар екенін білемін.

Білмеймін, қанша баспана салсақ та, әлі күнге дейін жетпей жатыр. Әсіресе миллион тұрғыны бар қалаларда баспана мәселесі шешілмей келе жатыр. Негізі елімізде миллион тұрғыны бар қалалар көп болса екен деймін.

Бұрындары бізде жалғыз Алматы болушы еді, енді міне Астана мен Шымкент қосылды. Кезекте тағы екі қала тұр. Алдағы уақытта осы қалаларда жыл сайын бір мыңнан астам тұрғын-үй салуды жоспарлап отырмыз.

Бұл ретте жастар "7-20-25" бағдарламасы арқылы баспаналы бола алады. Тағы бір ескеретін жайт, бұл үйлер тек жұмысы бар жастарға ғана беріледі. Жастардың қай-қайсысы болмасын жұмыс істеуге ұмтылу керек. Олар да мемлекеттің дамуына үлес қосуы керек", - деді Назарбаев.

Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel