RU
Тойда бидің түбін түсірген атай желіде хит болды
Жаңалықтар Қоғам

Тойда бидің түбін түсірген атай желіде хит болды

Рассказать Вконтакте

Kazaq_dance парақшасында заманауи бидің шаңын шығарған атайдың видеосы таралып кетті. Мейрамхананың ортасында тойдың көркін қыздырған қарт кісі желідегілердің қызу талқысына түскен деп жазады NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр

Фото: Видеодан кадр

Орта жастағы әйелмен билеп тұрған кісінің заманауи қимылдарын тойға келгендер жарыса видеоға түсіріп алған.

Ал желідегілер болса атайдың әрекетіне қатысты пікір білдіріп, өз ойларын жарыса жазған.

"Аталарға мұндай бидің қажеті жоқ", "Жастардың биін билеудің керегі жоқ қой", "Жастардың қимылын қайталап", "Жарайсыз, ата", "Жақсы ғой қайта".
"Тойда көңілді жүрмегенде енді не істейміз?", "Көңілді кісі екен", "Екінің бірі бұлай жеңіл қозғала алмайды" деп жазды желідегілер.

Сіздің реакцияңыз
6
1
1
0
0
6
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel