Выйти
RU

"Қауіпті операция болды": Назарбаев Сириядан қайтарылғандар жайлы айтты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бүгінгі жастар жылының ашылуына орай ұйымдастырылған жиында Сириядан Қазақстанға қайтқан қандастарымыз жайлы да сөз қозғады. Президент олардың алданып қалғанын мәлімдеді деп хабарлайды NUR.KZ.

Видеодан кадр

Видеодан кадр

Елбасының сөзінше, Сирияға кеткен қазақстандықтар "жақсы өмір дегенге сеніп, тұзаққа түсіп қалған жандар" екен.

"Жақында ғана Сириядан 47 отандасымызды әкелгенімізді көрдіңіздер. Ол біздің және өзге елдердің арнайы қызмет мамандары үшін қауіпті операция болды. Біздің азаматтар жақсы өмір дегенге сеніп, алданып қалған. Олар ол жақта соғысқан, бірақ соңында оларды да өлтірген. Сол тұзаққа қазақстандықтар да түскен.
Жүздеген адам алданып қалған. Осы жұмысты ары қарай да жалғастыратын боламыз. Өкінішке орай, әуежайға балаларды түсіріп жатқанда олар: "Мына жерге бомба түспей ме?" деп сұрапты. Әбден туғаннан үйренген ғой бомбаға. Оларға енді бейімдеу жұмыстары жүргізілетін болады", - деді Назарбаев.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Қауіпті операция болды": Назарбаев Сириядан қайтарылғандар жайлы айтты