RU
Ақтауда үстіне биіктен құбыр құлаған жұмысшы қайтыс болды
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Ақтауда үстіне биіктен құбыр құлаған жұмысшы қайтыс болды

Рассказать Вконтакте

Ақтауда "Махаббат" көп қабатты үйінің құрылысын жүргізіп жатқан жұмысшылардың бірі қайтыс болды. Үстіне биіктен құбыр құлаған ер адам жедел жәрдем келгенше көз жұмған деп хабарлайды Мой город порталына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото:bel-ritual.by

Фото:bel-ritual.by

Қайғылы оқиға Ақтаудағы 17 шағын ауданында 23 қаңтар күні болған.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға орнына жедел жәрдемнің 11:09-де шақырылған.

Ал оқиға орнына барған ақ халаттылар жұмысшының қайтыс болғанын анықтаған.

"Жедел жәрдемді жарақат алған адамға көмек көрсету үшін шақырған. Алайда ер адам жедел жәрдем келгенше қайтыс болып кеткен. Оның үстіне биіктен құбыр құлаған. Ауыр жарақаттар нәтижесінде ол көз жұмған", - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel