RU
Қырғызстан шекарашылары шекара бұзған қазақстандыққа оқ атты
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Қырғызстан шекарашылары шекара бұзған қазақстандыққа оқ атты

Рассказать Вконтакте

Қырғыз Республикасының шекарашылары шекара бұзған Қазақстан азаматтарына қарудан оқ атуға мәжбүр болған. Бұл туралы Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитетіне сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Көрнекі фото: sts.sumy.ua

Көрнекі фото: sts.sumy.ua

ҰҚК хабарламасында 2019 жылғы 23 қаңтарда Тараз шекара отряды "Жасөркен" шекара бекетінің учаскесіне қарама-қарсы орналасқан Қырғыз Республикасының шекара наряды Қырғызстаннан Қазақстанға 10 жылқыны айдап өтпек болған үш азаматты ұстауға әрекет жасағаны айтылған.

Ұстау барысында тәртіп бұзушылар қарумен қарсылық көрсеткендіктен, қырғыз шекарашылары да суық қару пайдалануға мәжбүр болған.

Нәтижесінде тәртіп бұзушылардың бірі жарақат алып, қалған екеуі жылқылармен бірге Қазақстан территориясында жасырынып қалыпты.

12.15-те жараланған шекара бұзушы (Қазақстан Республикасының азаматы, тергеу мүддесінде анықтау деректері жарияланбайды) Талас ауылының ауруханасына бара жатқанда көз жұмды.

Қазіргі уақытта Тараз шекара отрядының күштері мен құралдары шекара бұзушылар мен жылқыларды іздестіруде.

Айта кету керек, марқұм шекара бұзушы бұрын Қылмыстық Кодекстің 392-бабы "ҚР Мемлекеттік шекарасынан қасақана заңсыз өту" бойынша сотталған.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel