RU
Астана әкімі орынбасарынан пара алды деген күдік алынды
Жаңалықтар Саясат және экономика

Астана әкімі орынбасарынан пара алды деген күдік алынды

Рассказать Вконтакте

Астана әкімінің орынбасары Сергей Хорошуннан пара алды деген күдік алып тасталды. Бас прокуратураның Азат Перуашевтың депутаттық сауалына берген жауабы "Ақ жол" партиясының сайтында жарияланды деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: abctv.kz

Фото: abctv.kz

Құжатта 2018 жылдың 19 мамырынан бастап Астана қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің Д. Ахмедьяровтың арызы бойынша Астана қаласы әкімінің орынбасары Хорошунға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабы 4-бөліміне сәйкес аса ірі мөлшерде пара алу дерегіне қатысты сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізілгені айтылған.

"Арыз иесінің уәждеріне сәйкес, ол 2014 жылдан 2015 жылға дейін ол Хорошунның талап етуіне байланысты қарамағындағы Кинсенбаев арқылы Астана әкімдігі қызметкері Алпысовадан 500 мың доллар беріп жіберген және "Зере" тұрғын үй кешенінде Алпысованың туыстарына екі пәтер рәсімдеген.
Алайда сотқа дейінгі тергеу жүргізу барысында көрсетілген уәждер расталмады. Жауап алынғандар пара беру және алу фактілерін жоққа шығарды. Басқа да объектив дәлелдер табылған жоқ. Сондықтан Сергей Хорошунның әрекеттерінде қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты 9 желтоқсанда істің өндірісі тоқтатылды", - делінген Бас прокуратураның жауабында.
Сіздің реакцияңыз
11
1
0
0
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel