RU
Ақтөбеде ішімдік ішкен шенеуніктердің әрекеті әшкере болды
Жаңалықтар Саясат және экономика

Ақтөбеде ішімдік ішкен шенеуніктердің әрекеті әшкере болды

Рассказать Вконтакте

Ақтөбеде "Әдеп" жөніндегі кеңесте ішімдік ішкен екі бірдей шенеуніктің мәселесі қаралды. Мемлекеттік қызметкерлердің бірі кафеде мас күйінде айналасындағы адамдарды балағаттаса, екіншісі құдалықтан ішіп шығып, рөлге отырған деп хабарлайды NUR.KZ.

Көрнекі фото: baj.by

Көрнекі фото: baj.by

"Әйтеке би аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары Темірбек Шүйіншин 2018 жылдың 8 шілдесі күні кафеде мас күйінде айналасына балағат сөздер айтқан. Мемлекеттік қызметкер қоғамдық орында өзін тиісінше ұстамаған. Осы жағдайға байланысты сот үкімі шығып, басшының орынбасары 12 025 теңге айыппұл төледі. Әдеп кеңесінде қызметкердің осы әрекетін қарауды ұсынамын", - деді агенттіктің бас маманы Қайрат Акиев.

"Әдеп" кеңесіне шақырылған шенеуніктің өзі сол кездегі жағдайын "балам ауырғаннан кейін ішіп жүрдім" деп түсіндірді. Мемлекеттік қызметкер жасаған әрекеті үшін кешірім сұрады.

Кеңесте ішімдік ішіп ұсталған Алға аудандық жер қатынастар бөлімінің басшысы Ескендір Бекішке қатысты да мәселе қаралды. Шенеунікті жол полиция қызметкерлері тоқтатқан. Құдалықтан ішімдік ішіп шыққан мемлекеттік қызметкер көлікке мас күйінде отырған.

Екі жағдайды да мемлекеттік қызметкердің әрекетіне сай емес деп таныған кеңес өкілдері шенеуніктерге ескерту берді.

Енді ішімдік ішіп, заңсыз әрекеттер жасаған басшылардың тағдырын аудан әкімдері шешетін болады.

Сіздің реакцияңыз
6
1
1
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel