RU
Түркістанда оқушыларды соққыға жыққан баланың анасы көпшіліктен кешірім сұрады (видео)
Жаңалықтар Қоғам

Түркістанда оқушыларды соққыға жыққан баланың анасы көпшіліктен кешірім сұрады (видео)

Рассказать Вконтакте

Түркістанда оқушыларды аяусыз соққыға жыққан баланың анасы көпшіліктен кешірім сұрады деп жазады "Отырарға" сілтеме жасаған NUR.KZ.

Коллаж: NUR.KZ. Видеодан кадр: Otyrar, facebook/newtimeskz

Коллаж: NUR.KZ. Видеодан кадр: Otyrar, facebook/newtimeskz

Әйел адам өзі ұлы үшін қатты ұялғанын айтып, көз жасын тыя алмады.

"Мен барлық ата-анадан кешірім сұраймын. Өтінемін, ұлым үшін кешіре көріңдер" , - деді жылаған ана.

Прокуратура облыс директорларының барлығын жинап, оқиғада кінәлі балалар жазасын алатынын айтты.

Мамандардың мәлімдеуінше, видеода Түркістандағы үш мектептің оқушылары бой көрсеткен.

Қазіргі таңда, тергеу амалдарына қажетті шаралар жүзеге асырылып жатыр. Құзырлы орган видеодағыларға ғана емес, олардың ата-аналары, мектеп басшылары мен ювеналды инспекторларды да қандай жазаға тарту керектігін қарастырып жатыр.

"Оқиғаға қатысы барлардың әрқайсысына баға берілмек. Қалған мәліметтер тергеуге қатысты жарияланбайды" , - деді тәртіп сақшылары.

Оған қоса, полиция департаменті бұл іспен айналысып жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін желіде балалардың соққыға жығылған видеосы тарағанын хабарлаған болатынбыз.

Сіздің реакцияңыз
5
1
0
4
7
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel