RU
Маңғыстау облысында 50 жастағы әйел жұмбақ жағдайда жоғалып кетті (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Маңғыстау облысында 50 жастағы әйел жұмбақ жағдайда жоғалып кетті (фото)

Рассказать Вконтакте

Маңғыстау облысында 50 жастағы Гүлбибі Бимырзаева 2018 жылдың 30 қарашасынан бері үйіне оралмаған. Жоғалған азаматшаның туыстары оның қайда екенін хабарлаған адамға 300 мың теңге сыйақы беруге дайын деп жазады Лада сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Lada.kz

Фото: Lada.kz

Шетпе ауылының тұрғыны Гүлбибі Бимырзаева соңғы рет өткен жылдың 30 қарашасында 6 -шы ықшам аудандағы 24-ші үйдің маңында бой көрсеткен. Келіншек қою-жасыл түсті пальто киіп, басына қою түсті орамал байлаған.

Гүлбибінің жақындары әйелдің қазіргі мекен-жайына қатысты кез келген ақпарат үшін 300 мың теңге беруге дайын екенін айтуда.

Фото: Lada.kz

Фото: Lada.kz

Маңғыстау облыстық полиция департаменті хабарлағандай, Гүлбибі Бимырзаеваны іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Жоғалған келіншек туралы кез келген ақпарат бойынша көрсетілген нөмірлерге хабарласа аласыздар: 8 701 403 2619; 8 775 886 4413; 8 708 296 6372.

Сіздің реакцияңыз
1
1
0
3
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel