Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістандағы әлімжеттікке қатысты жаңа деректер шықты

Опубликовано:

Түркістанда мектеп оқушылары арасындағы әлімжеттікке жол бергендер мен тәртіпті қадағаламағандар жауапкершілікке тартылатын болды. Қазір арнайы органдар оқиғаның мән-жайын анықтауда. Тексеріс нәтижесінде күш қолданғандар да, зардап шеккендер де 9-сынып оқушылары екені белгілі болған деп хабарлайды "Астана" арнасы.

Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр: UGC

Әлеуметтік желіге тарап, қоғам арасында үлкен дау туғызған бұл оқиға 18 қаңтар күні болған. Бейнежазбадан бір топ бала бірнеше жасөспірімді тепкілеп, ұрып-соғып, балағаттағанын байқауға болады. Кейбірі қолдарына темекі алып, "тіліңе басамын" деп те қорқытыпты.

Түркістан қалалық білім бөлімі басшысының айтуынша, аталған жағдай 9-сыныптың оқушылары арасында болған. Қаладағы үш мектептің сегіз баласы көрші мектептің үш ұлын көшеден әкетіп, жәбірлеген екен.

"Нақты төбелес неден шыққаны белгісіз. Біздің қазір білетін мәліметіміз, бұл 9-сыныптардың, төрт мектептің арасында болған оқиға. Бұрын мұндай оқиға болмаған", - дейді Түркістан қалалық білім бөлімінің басшысы Ақмарал Батырбекова.

Мектеп мұғалімдері оқиғаның мектептен аулақ жерде сабақтан тыс уақытта болғанын айтқан. Алайда, бұл білім беру орындарын жауапкершіліктен құтқара алмайды. Ал адвокат Дәурен Момбаев бұл істе әлімжеттік көрсеткен балалардың ата-анасы да жазаға тартылатынын алға тартты.

"Қылмыстық Кодекстің 140 -бабымен тартылып, кінәлі деп саналып, сотталуы мүмкін. Осы бап бойынша 120 АЕК пен айыппұл салынады немесе 30 күнге дейін қамауға алынады. Осы бейнежазбаны жазған адамдар да Қылмыстық кодекстің 313-бабымен жауапкершілікке тартылады", - дейді адвокат.

Қазір бұл іспен полиция айналысып жатыр. Іс "топ болып бұзақылық жасау" бабымен тергеуге алынған. Ал мектептерді арнайы комиссия тексеруде.

Айта кетейік, осыған дейін желіде аяусыз соққыға жығылған мектеп оқушыларының видеосы тараған еді. Бұған қатысты Ішкі істер министрі жедел түрде жауап беріп, оқиғаға қатысы бар барлық жеткіншектерді анықтаған.

Күні кеше ооқушыларға әлімжеттік көрсеткен баланың анасы ұлы үшін ата-аналардан кешірім сұраған.

Айзада Төребекқызы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1774807-trkistandagy-limzettikke-katysty-zaa-derekter-sykty/

pixel