Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жеке ұшағымен өзге қалаға жол тартқан танымал футболшы апат болды

Опубликовано:

"Кардифф Сити" футбол клубының ойыншысы Эмилиано Саланы іздеу шараларын басқарған Норманд аралдарының авиациялық іздестіру офицері Джон Фитцджеральд жұмыс нәтижелері туралы әңгімеледі. Бұл туралы championat.com сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Elyxandro Cegarra/NurPhoto via Getty Images
Фото: Elyxandro Cegarra/NurPhoto via Getty Images: Facebook

Футболшының заттары теңіз бетінен табылған.

"Маған теңізден жастық пен ашық сарғыш түсті зат, қорап пен металл қиындыларының жанында қалқып жүрген ақ түсті элементтер табылғанын хабарлады", - деді Фитцджеральд.

Сондай-ақ, Фиттцджеральд заттар табылған орынға құтқару кемесі жіберілгенін айтты.

Айта кетейік, 21 қаңтар күні Сала "Нант" клубындағы бұрынғы серіктестерімен қоштасып, жеке ұшағымен Уэльске жол тартқан.

Алайда, қонуға бір сағат қалғанда спортшының әуе лайнері радардан жоғалып кеткен. Оны іздеуге бірнеше құтқару корабльдері мен екі тікұшақ жіберілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1774812-zeke-sagymen-zge-kalaga-zol-tartkan-tanymal-futbolsy-apat-boldy/

pixel