RU
Алматы облысында ауыл әкімінің ұлы мал ұрлады деп айыпталуда
Жаңалықтар Қоғам

Алматы облысында ауыл әкімінің ұлы мал ұрлады деп айыпталуда

Рассказать Вконтакте

Алматы облысындағы үш ауылдың тұрғындары ауданда жаппай мал ұрланып жатқанын айтып, бас көтерді. Олардың айтуынша, белгісіз біреу жануарлардың басын кесіп, аяусыз өлтіріп кетіп жүр. Жергілікті халықтың мәлімдеуінше, оқиғаға қатысты күдікті қылмыс үстінде ұсталған. Алайда, ертесіне оны босатып жіберген деп хабарлайды "Время" басылымына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Ауыл тұрғындары: Рүстем Смағұлов, Оразхан Мейрамбаев и Мұстафа Қайсар. Фото: "Время" басылымы

Ауыл тұрғындары: Рүстем Смағұлов, Оразхан Мейрамбаев и Мұстафа Қайсар. Фото: "Время" басылымы

Ұры салдарынан зардап шеккендер күдікті әкімнің туысы болған соң, бостандыққа шығып кетті деп пайымдауда.

Қаратал ауданына қарасты Көкпекті, Жасталап және Қобжан ауылдарында жаппай мал ұрлануда.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, ұрылар сиыр мен жылқыларды айдап әкеткенімен қоймай, оларды арнайы қоймада бауыздайтын көрінеді.

Рүстем Смағұлов бірнеше бас ірі қара мал жоғалтып, кейіннен оларды басы кесілген күйінде тауып алған. Бұл жағдай оның отбасы үшін аса ауыр тиген. Себебі, ауыл тұрғындарының басым көпшілігі малдың арқасында күн көріп отыр.

Оразхан Мейрамбаев та мал ұрыларының құрбаны болған. Абырой болғанда ол жылқысын тірі күйінде тапқан. Олар атты қоймада байлаулы күйде қалдырып кеткен. Ер адам ұрылардың көлігінде орын болмаған соң, оның сәйгүлігін тастап кеткен деп болжады.

Тағы бір ауыл тұрғыны Мұстафа Қайсар мал ұрыларының арасында әкімнің ұлы бар екенін жеткізді. Шендінің баласы бұған ұқсас құқық бұзушылық үшін бірнеше мәрте жауапкершілікке тартылған екен. Бірақ, төрт ай бұрын шенеуніктің ұлын бостандыққа шартты түрде босатып жіберген.

Мұстафа Қайсардың өзі былтыр алты бас малынан айырылып қалған. Азамат оларды әлі де таппаған.

Зардап шеккендердің мәлімдеуінше, әкім ұлының кесірінен ауылдағы 11 отбасы малсыз қалды.

Соңғы үш жылда ауылдардан 82 жануар ұрланған. Олардың басым көпшілігі ірі қара мен жылқылар.

Полицияның хабарлауынша, 18-ші қаңтар күні өлтірілген малды тиеп алған көлік ұсталған. Жас жігіттердің қолында тиісті құжаттары да болмаған. Сол себепті, тәртіп сақшылары оларды мал ұрлады деген күдікпен тұтқындаған. Оқиғаға қатысты қылмыстық іс те қозғалды. Бірақ, ертесіне күдіктілерді босатып жіберген.

"Мақаланы көшіріп басу тек қана "Время" басылымының рұқсатымен ғана жүзеге асырылыады".

Сіздің реакцияңыз
2
1
6
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel