RU
"Өкінемін": Өзінен 21 жас үлкен азаматқа тоқал болған ару жан сырын ақтарды
Жаңалықтар Қоғам

"Өкінемін": Өзінен 21 жас үлкен азаматқа тоқал болған ару жан сырын ақтарды

Рассказать Вконтакте

29 жастағы қазақ қызы өзінен 21 жас үлкен азаматқа тоқал болғанына өкінетінін айтты. Оңтүстік өңірдің аруы ата-анасын жерге қаратып, өз өмірін құртқаны үшін өзегі өртенетінін жеткізді деп жазады "Алаш айнасы".

Көрнекі фото: vistanews.ru

Көрнекі фото: vistanews.ru

23 жасында отбасылы адаммен көңіл қосқан ол қазір ешқайда кете алмайтынын айтып, қынжылды.

"Қазір одан кеткім келеді, ол жібермейді. "Сені менің тоқалым екеніңді жұрттың бәрі біледі, ешкім сені алмайды да, керек емессің ешкімге, менсіз бұзылған әйел ғанасың" деген сөздерді көп айтады", - дейді келіншек.

Әйелі мен екінші қызы өзінен бөлек, ал үлкен қызы шетелде тұратын азамат бойжеткеннің көңілін бір жыл бойы аулаған. Осылайша, ару жасы келген азаматтың тоқалына айналады.

Өз өміріне күйінген әйелдің айтуынша, "күйеуі" оған көп рет иттік жасапты. Оның ішінде, ең сорақысы, баласын түсірткені екен.

"Сонда да әлі жүрмін. Жақсы көрдім, әлі де сүйем, өмірімде жалғыз адам болған соң қимаймын, кете де алмай жүрмін", - дейді мұңын шаққан әйел.

Жас кезінде аңдамай от басқан бикеш жас қыздарға өз қателігін қайталамау қажеттігін айтты. Ол Iphone ұстап, мейрамханаларда шалқып жүргенге қызықпау керектігін, тоқал болудан аулақ болған жөн екенін алға тартты.

Сіздің реакцияңыз
4
1
1
6
0
3
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel