RU
Ерболат Беделханның әйелі өзін қоластындағы қызметкері бопсалап жүргенін жайып салды
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Ерболат Беделханның әйелі өзін қоластындағы қызметкері бопсалап жүргенін жайып салды

Рассказать Вконтакте

Осыдан біраз уақыт бұрын "Жүзім" атты топ құрған Ерболат Беделханның жарын өзінің қызметкері бопсалаған. Асыл Айдарқызы өзі жұмысқа алған адамның ақша талап етіп жүргенін айтты деп жазады "НТК" арнасындағы "Ревю" бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Асыл Айдарқызының айтуынша, шиеленіскен оқиға қыркүйек айынан басталған.

"Маған маркетингпен айналысатын адам немесе компания керек болды. Сол іздеген адамдардың ішінен, таңдап алынған кісі болатын. Ол негізі содан кейін "маған жай ғана маркетинг болу қызықсыз, мен әріптес болғым келеді" деді. "Жарайды, онда әріптес болсаңыз, тек қана маркетинг емес, басқа да іс-шараларды аласыз" деп келістік. Бірақ оның барлығы ауызша болған", - дейді Асыл Айдарқызы.

Кейіннен қос тарап қызу жұмысқа кірісіп кеткен. Алайда, уақыт өте серіктес атанған қызметкер жұмысын тиянақты атқармай, желідегі парақшаларды өз мүддесіне қолдана бастапты.

Одан бөлек, продюсерден келісілген сомадан, көбірек пайыз талап етеді.

"Сөйлесіп, бір шешімге келеміз деген де ой болды. Бірақ ол, өз дегенін істеп жүрді. Мысалы, қараша айынан бастап парольдерді бермей қойды", - деген "Жүзімнің" продюсері енді істі сотқа дейін жеткізетінін мәлім етті.

Айта кетейік, осыдан біраз уақыт бұрын Ерболат Беделханның әйелімен ажырасып кеткені жайлы қауесет тараған болатын. Алайда Асыл Айдарқызы ел көкейіндегі сұрақтарға жауап беріп, желдей ескен сөздерге нүкте қойды.

Сіздің реакцияңыз
2
0
1
1
0
5
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel