RU
Талдықорғанда науқас әйел дәрігерлердің қателігінен көз жұмған
Жаңалықтар Қоғам

Талдықорғанда науқас әйел дәрігерлердің қателігінен көз жұмған

Рассказать Вконтакте

Талдықорғанның облыстық ауруханасында науқастың қан тобын дұрыс анықтамай, басқа топтың қанын құю салдарынан Анархан Қырғызбаева көз жұмды деп хабарлайды 31 арна.

Видеодан скриншот

Фото:Видеодан скриншот

Облыстық аурухана дәрігерлері науқасқа басқа қан тобын құйып жатқанын білмеген. Себебі, талдама төртінші қан тобын көрсеткен. Алайда шын мәнісінде Анархан Қырғызбаеваның қан тобы үшінші болған.

Гемоглабин мөлшері 50 болып тұрған науқасқа дәрігерлер төрт рет басқа топтың қанын құйған.

"Екі рет құйғанда екі бүйрегі істен шықты, пневмония басталды. Төртінші рет құйғаннан кейін жағдайы нашарлап, содан кейін барып қан тобын анықтаған", – деді марқұмның қызы Қарлығаш Қайыпбекова.

Аурухана дәрігерлері науқасқа басқа қан тобын құйғандарын мойындап отыр.

"Қан тобын дұрыс анықтамағанымызды мойындап отырмыз. Алайда науқастың өзі ауыр дертке шалдыққан болатын. Үшінші, төртінші рет қан құйылғаннан кейін бұл ауруды тездетіп жіберді", - деді Алматы облыстық аурухананың бас дәрігері Мұрат Рахметов.

Қарлығаш Қайыпбекованың айтуынша, дәрігерлер жалған құжат жасап үлгерген. Анасынан айырылған жандар Бас прокуратура осы істі бақылауға алса деп отыр.

Дереккөз: 31 арна

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel