RU
Қазақстанда жұмыс істейтіндердің басым бөлігі қытайлықтар болып шықты
Жаңалықтар Қоғам

Қазақстанда жұмыс істейтіндердің басым бөлігі қытайлықтар болып шықты

Рассказать Вконтакте

Қазақстанда жыл басынан бері 20,3 мың шетелдік маман жұмыс істеу квотасын алған. Еңбек мигранттарының басым бөлігі Қытай азаматтары деп жазады Аltaynews.kz.

China.org.cn

Көрнекі фото:China.org.cn

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, 2018 жылға дейін шетелдік еңбек күшін тартуға арналған квота жалпы жұмыс күшінің 0,46 пайызын, яғни 41 мың адамды құраған.

Жұмыс істеуге берілетін рұқсаттардың басым бөлігі Атырау (7,9 мың) мен Маңғыстау облыстарына (2,1 мың), сондай-ақ Астана қаласына (2,2 мың) тиесілі.

Елімізге еңбек мигранттарының басым бөлігі Қытайдан (5,2 мың), Түркиядан (1,8 мың), Ұлыбританиядан (1,4 мың), Үндістаннан (1,7 мың) және Украинадан (863) келеді екен.

Шетелдіктер негізінен құрылыс (11,9 мың адам), әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету (3,2 мың), тау-кен өндіру (2,6 мың) және өңдеу (1,9 мың) өнеркәсібі, сонымен қатар ауыл шаруашылығы (1,7 мың) салаларында еңбек етуде.

Сіздің реакцияңыз
7
14
5
5
1
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel