RU
Қатерлі ісікті емдеу үшін көпшілік жарғанаттың ұясын бұзып жатыр
Жаңалықтар Қоғам

Қатерлі ісікті емдеу үшін көпшілік жарғанаттың ұясын бұзып жатыр

Рассказать Вконтакте

Соңғы уақытта ғаламторда жарғанат ұясы туралы хабарлама желдей есіп жүр. Бір данасын 5-10 мың долларға сатуға болатынын естігендер, тіпті, тау-тасты, үңгірлерді кезіп кеткен екен. Алайда, оңай олжаға кенелмек болғандар бұл ақпараттың рас-өтірігін анықтамаған көрінеді деп жазады NUR.KZ.

Коллаж: NUR.KZ. Фото: Ernur.kz/ yandex.by

Коллаж: NUR.KZ. Фото: Ernur.kz/ yandex.by

Желіде пайда болған ақпарат жеңіл ақша тапқысы келген жандарға майдай жақты. Бұрынырақ "ЗИЛ" атты ескі тоңазытқыш пен мия тамырын, ақбөкеннің мүйізін іздеген жұрт енді жарғанаттың ұясын табуды көздеді.

Алайда, бұл ақпараттың қайдан және қашан бастау алғаны ешкімді қызықтыра қойған жоқ.

Негізінде, бұл мәлімет алғаш рет Өзбекстанда пайда болған.

"Орталық Азия" жаңалықтар қызметінің хабарлауынша, көршілес елде алаяқтардың арбауына ілінген азаматтар 5-10 мың долларға сату үшін жарғанат ұясын бұза бастаған.

Ал оларды тапқан адамдар бәрін желіге жүктеп, видеосын да таратып жіберіпті.

Осыған байланысты, Ташкенттегі "Тірі ғаламшар" жануарлар қорғау қоғамдастығының белсендісі Анастасия Ташилова сүтқоректілердің жойылу қаупі бар екенін айтып, адамдарды мұндай жалған ақпаратқа сенбеуге шақырды.

"Осындай ақымақтыққа сенген адамдар жарғанаттардың ұяларын бұзып жатыр. Оларға сенбеңіздер. Мұны тек алаяқтар ойлап шығарған. Соның салдарынан сүтқоректілер зардап шегуде", - деді Ташилова.

Желі қолданушыларының кейбірі жарғанаттардың ұясынан дәрі-дәрмек жасалатынын айтқан.

Айта кету керек, жарғанат-еркін ұша алатын жалғыз сүтқоректі. Ал оның ұясынан қатерлі ісікті емдеуге арналған медициналық дәрі жасайды деген ақпарат әрі расталмаған.

Анығы, Гонконгта жарғанаттың ұясынан сорпа жасайды. Ал Латын Америкасында олардың саңғырығы тыңайтқыш ретінде пайдаланылады. Википедия мәліметіне сәйкес, жарғанаттың Guano атты түрі бар. Оның саңғырығының бір келісі АҚШ-та 1,5 -3 доллар тұрады.

Сіздің реакцияңыз
6
1
13
0
0
2
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel