RU
Туған анасын қайықтың ескегімен сабаған жігіт масқара болды
Жаңалықтар Әлемде

Туған анасын қайықтың ескегімен сабаған жігіт масқара болды

Рассказать Вконтакте

Қырғызстанның Жалал-Абад облысында анасын қайық ескегімен ұрған жігіт сот алдында жауапқа тартылды. Бұл туралы kaktus.media сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

infoline.ua

Көрнекі фото:infoline.ua

Айыпталушы өз кінәсін мойындады. Жігіттің сөзінше, ол үйге мас күйде келіп, анасы екеуі жанжалдасып қалған.

Ұрыс кезінде анасы оның бетіне сірке суын шашып жіберген. Бұған ашуланған жігіт қайық ескегімен анасын бірнеше рет ұрған.

Шуды естіп жеткен көршісі кейуананы арашалап алыпты. Жәбірленген анасы бас сүйек және қол жарақаттарын алған.

Ол соттан ұлын заң бойынша жазалауды өтінді.

Сот отырысында айыпталушы анасынан кешірім сұрап, қатаң жазаламауды сұрады.

Сот ер аадмның бұрын сотталмағандығын, кінәсін мойындағанын және жас екенін ескере келе оны бес мың сом көлемінде айыппұл төлеуге міндеттеді.

Сіздің реакцияңыз
2
0
4
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel