RU
Ақтөбеде 9 жасар бала соқыршектен қайтыс болды
Жаңалықтар Қоғам

Ақтөбеде 9 жасар бала соқыршектен қайтыс болды

Рассказать Вконтакте

Ақтөбе ауруханасында соқыршекпен ауырған тоғыз жастағы бала отадан соң қайтыс болды деп хабарлайды Diapazon.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: vladtime.ru

Көрнекі фото: vladtime.ru

Баланы Ақтөбе ауруханасына Хромтау қаласынан жеткізген.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев "бұндай жағдай орын алмады" деп журналистерді сендіргісі келген.

Бірақ аурухана қызметкерлері болған оқиғаны растапты.

"Бұл оқиға қаңтардың 15-нен 16-на қараған түні орын алды. Баланың соқыршегі асқынып кеткендіктен, оны Хромтаудан алып келді.
Отадан соң ол көз жұмды. Сараптамадан кейін ғана өлімнің себебін айта аламыз", - деді облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері Ерлан Сұлтангереев.

"Қайтыс болған бала Хромтаудың тумасы. Ол 15 қаңтар күні "ішінің ауырғанын айтып" ауруханаға келген.

Біздің хирург тексеріп болған соң, оған асқынған соқырішек диагнозын қойды. Сөйтіп облыстық балалар ауруханасына жіберген.

Бізде балалар хирургі жоқ. Баланың қайтыс болғанын естідік. Қазір оның өлімінің себебін ешкім айта алмайды. Сараптамадан кейін барлығы белгілі болады", – деді Хромтау аудандық аурухана өкілдері..

Сіздің реакцияңыз
1
5
1
7
0
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel