Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкенттік депутат аудан әкімінің алдына жарты сағаттап кіре алмайтынын айтты

Опубликовано:

Шымкенттегі Еңбекші ауданының әкімі Ғалымжан Ілиясов тұрғындарға есеп беру кездесуін өткізді. Жарыссөзге шыққан қала мәслихатының депутаты Еркін Сатқанбаев аудан әкімінің алдына кіру оңай емес екенін мәлімдеді. Бұл туралы ERNUR.KZ сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

ernur.kz
Фото:ernur.kz: Facebook
«Биыл Еңбекші ауданының әкіміне екі рет барғанмын. Алдына 20-30 минуттай кіре алмай отырдым. Кезекте үш кемпір және төрт қария отыр екен. Солардан кейін кірдім. Әкім олардың мәселелерін қасына мамандарды отырғызып, анық-қанығын сұрастырып, шешіп жатыр екен», - деді Еркін Тұрниязұлы.

Еңбекші ауданындағы Зеленая балка, Привокзальная шағын аудандарындағы мәселелердің көп екенін айтқан мәслихит депутаты, Ғалымжан Ілиясовтың атқарған жұмыстарына ризашылығын білдіріп, оң бағасын берген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1774873-symkenttik-deputat-audan-kimini-aldyna-zarty-sagattap-kire-almajtynyn-ajtty/

pixel