RU
Шекарадан сіңлісінің құжатымен өтпек болған әйел ұсталып қалды
Жаңалықтар Қоғам

Шекарадан сіңлісінің құжатымен өтпек болған әйел ұсталып қалды

Рассказать Вконтакте

Алматы облысында орналасқан халықаралық "Қорғас" шекарасынан өтпекші болған 37 жастағы азаматша ұсталды. Ол елден шығу кезінде сіңлісінің құжатын көрсеткен деп хабарлайды Отырар арнасы.

Көрнекі фото: FinBiz.kz

Көрнекі фото: FinBiz.kz

Тексеру барысында шекарашылар сіңлісінің құжатын қолданған азаматшаның әрекетін әшкере еткен.

Шекарашылардың айтуынша, Айман есімді 37 жастағы әйел 33 жастағы туған сіңлісі Шолпанның құжаттарын пайдаланғысы келіпті.

Келіншек өзіне елден шығуға тыйым салынғаннан кейін осындай әрекетке барғанын айтыпты.

Шекара қызметкерлері аталған істі тиісті органдарға хабарлаған.

Сіздің реакцияңыз
2
3
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel