RU
БҚО-да үш жүкті әйелді әкеле жатқан жәдел жәрдем көлігі далада қалды
Жаңалықтар Қоғам

БҚО-да үш жүкті әйелді әкеле жатқан жәдел жәрдем көлігі далада қалды

Рассказать Вконтакте

Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданынан Жақсыбай округына науқастарды ауруханаға жеткізуге тиіс болған жедел жәрдем көлігі бір тәулік бойы далада қалған. Бұл туралы "Мой город" сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

mamaplus.md

Көрнекі фото:mamaplus.md

Жақсыбай ауылдық округының тұрғыныны сөзінше, жедел жәрдем көлігі 21 қаңтар күні жолға шыққан. Алайда діттеген жерге тек 22 қаңтар күні кешке жеткен.

Далада бір тәулік қалып қойған көліктің ішінде жеті адам болған, олардың үшеуі жүкті әйел.

Алайда Жақсыбай ауылдық округының әкімі Алмат Қаратаевтың сөзінше, 21 қаңтар күні жедел жәрдем көлігі ішінде бес адам болған.

Оның сөзінше, қар қалың жауғандықтан көлік қарға тұрып қалған. Шекара қызметкерлерінің қарда жүретін көлігімен бес адам шапандар қонысына апарған. Бес адамның үшеуі жүкті әйел.

Адамдардың бәрі 22 қаңтар күні кешкі сегізде аман-есен ауылға жеткізілген.

Алайда Жәнібек ауданының әкімі Азамат Сафамалиев бұл ақпаратты жоққа шығарды.

"21 қаңтар күні Жақсыбайдан Жәнібек ауылына жедел жәрдем көлігі жжүкті әйел мен екі науқас әжейді жеткізді. Қайтар жолда көлікте тек фельдшер мен жүргізуші болған. Олар жол-жөнекей екі адамды отырғызып алған", - деді Азамат Сафамалиев.

Жәнібек аудандық ауруханасының директоры Сәуле Ысмағұлова әкімнің сөзін растап отыр.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel